Шығыс Қазақстан облыстық сотында БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үйлестіруші-судьялар мен баспасөз хатшыларына арналған семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында өңірдің үйлестіруші-судьялары мен баспасөз-хатшыларына арналған БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шараға облыстық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жұмыстарын үйлестіруші-судья Елдос Жұмақсанов, Өскемен қалалық соттарының үйлестіруші-судьялары мен баспасөз – хатшылары қатысты, және де бейнеконференц байланыс арқылы Семей қалалық соттары, Зайсан, Аягөз, Зырян аудандық соттары қосылды.

 Семинарды аша келе, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жұмыстарын үйлестіруші-судья Елдос Жұмақсанов,  сот шешімдеріне қоғам тарапынан сенім қалыптастырудың басты кепілінің бірден бірі жүйелі ақпараттық жариялау болып табылатынын атап өтті.  Семинар барысында соттардың баспасөз хатшылары сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан барлық өзгерістер сот төрелігіне қол жеткізу мен жеңілдетуге бағытталғандығын БАҚ және әлеуметтік желі арқылы жеткізуді хабарлау керектігі айтылды.

Сонымен қатар, қоғамда теріс пікір тудырған сот істері бойынша тиісті шаралар қолдану, сот жүйесінің қызметін жариялайтын БАҚ жарияланымдарына мониторинг жүргізу мәселелері жөнінде өзара пікір алмасу болып өтті.

Семинардың  қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен сот жүйесінің ынтымақтастығын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі