Мемлекеттен моральдық зиян өтемақысы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында азамат Е.-нің Қазақстан Республикасы қаржы Министірлігімен қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартумен келтірілген моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

2013 жылы азамат Е.-ге қарсы облыстық прокуратура аса үлкен көлемде алаяқтық жасағанды деп қылмыстық іс қозғағаны анықталды.

2016 жылдың тамызында талапкер кінәсіз деп танылып, ақталған.

Азамат Е.-ні заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту заңды күшіне енген сот актісімен анықталғандықтан, талапкерге келтірілген моральдық зиянды ескере отырып, сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, Республикалық бюджеттен талапкер пайдасына 1 000 000 теңге өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі