Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287-бабының, 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс  қаралды.

Аталмыш іс бойынша, азамат М. әкесінен қалған моделі «ТОЗ-8» 5,6 мм калибрлі қаруды заңсыз сақтаған.

Сотта істі қарау барысында, азамат М. өз кінәсін мойындап, әкесінен қалған қаруды сарайдың шатырында ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтағанын баяндады.

Сот үкімімен, аз.М ҚК-нің 287-бабының, 3-бөлімінде көрсетілген қылмыс  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл көлемінде бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

 Үкім заңды күшіне еңген жоқ.

 

Зырян ауданының №2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі