Зырян аудандық сотымен қылмыстық істерді қысқартылған тәртiппен сотта қарау тәжірибесі бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотының судьясы Е.М.Костубаевпен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен қылмыстық істерді қысқартылған тәртiппен сотта қарау тәжірибесі бойынша брифинг өткізілді.

Судья Е.М.Костубаев өзінің баяндамасында істерді қысқартылған тәртіппен қараудың негіздері мен тәртібін, қаралу мерзімін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы  «Соттармен қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау» туралы №8 Нормативті қаулысына сәйкес, қысқартылған тәртіппен істі талқылау кезінде сот тергеуі сотталушы мен жәбірленушіден жауап алудан тұрады.  Осыған қоса, тараптармен дауланбайтын нақты дәлелдерді зерттеп оқу міндетті емес.  Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК 382-бабын қолдану туралы түсінік берілді.

Қысқартылған тәртіппен қаралған қылмыстық істердің саны назарға ұсынылды.

Брифинг барысында судья тілшілердің барлық қызықтырған сұрақтарына  жауаптар берді.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі