Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 496-бабының 2 бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ш. Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2016 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Алайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламай, ҚР ӘҚБтК-нің 496 -бабының, 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот құқық бұзушыны жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі