Архив событий

08/06/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілді

08/06/2017

Аталған іс шараның мақсаты мәселелерді шешу бойынша құқықтық көмек көрсетілді, осыған орай құқықтық сауаттылықтарын көтеріп сотқа деген сенімдерін ұлғайту болып табылады.

Қатысушыларға аудандық соттың бас маманы Д.Б. Ережепова соттың ғимаратын таныстыра отырып сот жүйесінің атқаратын функциясы және сот отырысының аудио-бейне жазбасы жайлы ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, тараптар арасындағы дауды шешу кезінде кәсіби емес медиатордың қатысуы туралы түсіндірілді.

Зырян аудандық сотында семинар өткізілді

08/06/2017

Зырян аудандық сотының жетекші маманы Г.А.Калиевамен сот мамандары арасында «Қылмыстық істер бойынша сот үкімдерін орындау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

 Г.А.Калиева өз баяндамасында, қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы «5» наурызда №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген ережеге сәйкес жүргізілетінін атап айтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды

08/06/2017

Зайсан аудандық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев, судьялар Г.Нұртазинова, Н.Хасенбаев, Ш.Оспанова және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мазмұнын баяндап, рухани жаңғыруға байланысты  атқарылуға тиісті іс-шараларға жан-жақты тоқталды.

Дыбыс-бейне жазбаның көшірмесін қарау тәртібі туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды

08/06/2017

Тарбағатай аудандық сотында дыбыс-бейне жазбаның көшірмесін қарау тәртібі туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға аудандық соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі және мамандары, сот мәжілісінің хатшылары қатысты.

Сауалнамаға қатысып соттардың жұмысын бағалап көріңіз

08/06/2017

Республика  судьяларының VII съезінде қоғамның  соттарға деген сенімін арттыру, судьялардың  қызметін  бағалау  жүйесін  жетілдіру мақсатында Мемлекет  басшысының  алға  қойған міндеттерін   іске  асыру  бағытында    «Сот кабинеті»  (office.sud.kz) электрондық  Жоғарғы Соттың  интернет-ресурсында   «Соттардың  сыртқы бағасы»  жаңа  сервисі ашылып,   2017 жылдың  10 сәуірі мен  1 шілдесі  аралығында  соттар мен судьялардың  қызметіне  сыртқы   бағалау  жүргізу  пилоттық жобасы  іске  қосылды.

Жол- көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден кетіп қалғаны үшін жазаланды

08/06/2017

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 611-бабының 2-бөлігімен (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) әкімшілік ісі  қаралды.

Құқықбұзушы М.,  көлігін Тарбағатай ауданы Қарасу-Ақметкеп тас жолында басқарып келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан жәбірленушінің басқаруындағы көлікті қағып, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Жеке айыптау қылмыстық ісі медиация тәртібімен қысқартылды

08/06/2017

Зырян ауданының № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген М-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы К-дан және сотталушы М.-нан сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/06/2017

Зырян аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 187-бабы, 1-бөлігі бойынша (Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу) Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Х. Бұрыңғы танысын кездестіріп, алаяқтық жолмен алдап, оның ұялы телефонын иемденіп, қылмыс орнынан жасырынып қалған. Кейін аталған телефонды 1 000 теңгеге сатып жіберген.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды

08/06/2017

Риддер қалалық сотында, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны  бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы Риддер қалалық пробация қызметінің ұсынымы қаралды.

Пробация қызметінің басшысы сотталған М.-ны бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынымымен сотқа арызданды. Сотталған, пробация қызметіне белгіленген тәртіпке сай, тіркеуге тұруға, шақырғанға келуге қолхат берген.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

08/06/2017

Аягөз аудандық сотында ҚР ӘҚБтК  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін С.-ғқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, С. өзінің басқаруындағы автокөлікпен Аягөз қаласындағы Қабанбай батыр көшесінің бойымен қозғалыс кезінде төрт жолақты қозғалысы бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда  жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, сол боймен қозғалған.

Рақымшылық Заңы қолданылды

08/06/2017

Аягөз аудандық соты ШҚО бойынша ҚАЖД Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысының сотталған Е-нің жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысын қарады.

Сот отырысында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің өкілі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 3-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан шектеуге сотталған Е-ні жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысты қанағаттандыруды сұрады.

Автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған

08/06/2017

Аягөз аудандық сотымен C. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Әкімшілік қамауға алынып, еліміздің аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды

08/06/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының, 7-бөлігінде (осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарумен қоса, әкімшілік қамауға алу жазасына тартылды

08/06/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінде (осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.