Архив событий

14/06/2017

2017 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы брифинг өткізілді

14/06/2017

Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.К. Тайтолеуов, бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.К. Тайтолеуов 2017 жылдың 5 айында қаралған істердің саны мен сапасы жөнінде статистикалық мәліметтер келтіріп,  2017 жылдың 5 айындағы  істердің санаттары бойынша көрсеткіштерді өткен 2017 жылмен салыстыра отырып талдау жасады.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті

14/06/2017

Бородулиха аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді. Семинарға кеңсе меңгерушісі м.а. С.Смаглова және сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі м.а. мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі тақырыбында семинар өткізілді

14/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында сот төрағасының м.а С.М.Тұтқанбаева кеңсе мамандарының арасында «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізді.

«Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді

14/06/2017

Курчатов қалалық сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс шараға кеңсе меңгерушісі М.Қ. Касенов, бас маман С.М. Медетбекова, сот мәжілісінің хатшылары Л.Б. Жуманбаева, А.А. Шарипова, іс жүргізуші А.Е. Кожахметова қатысты.

Тікелей эфирде сұхбат берді

14/06/2017

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Жилкашинова «Қазақстан Өскемен» телеарнасында «Моё право» бағдарламасы тікелей эфирінінің түсіріліміне қатысты.

Сұхбат беру аясында А.Жилкашинова 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында судья лауазымына кандидаттарын іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту туралы, сот бұйрығы арқылы сот ісін жүргізу тәртібінде істерді қараудың ерекшеліктері мен басымдылықтары туралы айтып өтті.

Өскемен қаласы №2 сотының судьясы гендерлік саясат бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты

14/06/2017

2017 жылдың 23 мамырында Астана қаласында  Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Ж.Т. Онгарбаева «Бас бостандығы шектелген және айырылған осал топтарға сот төрелігіне мүмкіндік. Бала және әйел құқықтарына арнайы фокус» атты  ұлттық дөңгелек үстел жұмысына  қатысты.

«Ашық есік күні»

14/06/2017

Абай аудандық сотының төрағасы Е.Адильбековтың ұйымдастыруымен сот ғимаратында Қарауыл ауылдық округің кәсіби емес медиаторы  Ш.Е. Несіпбайдың қатысуымен мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру үшін, сонымен қатар Медиацияның міндеттілігі бойынша қанатқақты жобаны түсіндіру мақсатында  «Ашық есік күні» өтті.

Ақжар полиция бөлімінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

14/06/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов Ақжар полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  41-тарауы бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істерді қозғау» тақырыбына семинар  сабағын  өткізді. Оған Тарбағатай  ауданының прокуроры  Р.Түлегенов, Ақжар  полиция  бөлімінің  басшысы Т.Нұрмұханбетов және  Ақжар полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қатысты.

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы Сатпаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

14/06/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.Садуакасова Сатпаев ауылдық округіне барып, жұртшылықпен кездесті.

Іс-шараға  ауылдық окруктің әкімі Б.Кемербаев, Тарбағатай аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы  Ж.Маханова,  Сатпаев ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Қайранова, осы ауылдық округі бойынша кәсіби емес медиатор Ш.Құлманов және ауыл тұрғындары қатысты.

2017 жылдың бес айындағы жұмыстары қорытындыланды

14/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов БАҚ өкілдерінің, судьялардың және сот мамандарының қатысуымен 2017 жылдың  бес айындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Зырян ауданының №2 аудандық сотында «Сот істері мен құжаттарды және сот отырысының аудио-, бейнежазу көшірмесін беру тәртібі » туралы семинар өткізілді

14/06/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотының бас маманы Қ.М.Балғабаева кеңсе қызметкерлері арасында «Сот істері мен құжаттарды және сот отырысының аудио-, бейнежазу көшірмесін беру тәртібі» тақырыбында семинар өткізді.

Қ.М.Балғабаева өз сөзінде, сот істері мен құжаттарды беру тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесінің талаптарын қатан  сақтау керектігін айтып  өтті.

2017 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

14/06/2017

Катонқарағай аудандық сотында 2017 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті

Іс шара сот қызметкерлерінің,  бұқаралық ақпарат құралдары өкілі Т.Самойлованың, мемлекеттік органдары және қоғамның қатысуымен өткізілді.

Баспасөз - конференциясы сот төрелігінің беделін арттыруға, бұқараға әділ соттың қолжетімділігін, қамтамасыз етуге және халыққа заң нормаларын түсіндіру мақсатында өткізілді.

«Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/06/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.Садуакасова  Көкжыра ауылдық округінде болып,  әйелдер кеңесі мүшелерімен «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараға Тарбағатай аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы және «Аналар орталығы» қоғамдық  бәрлестігінің жетекшісі Ж.Маханова, Көкжыра ауылы әйелдер кеңесінің төрайымы Р.Қайырханова және әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Риддер қалалық сотында шетелдiктi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу туралы ісі қаралды

14/06/2017

Риддер қалалық сотында  ШҚО бойынша Ішкі Істер Департаменті Риддер қалалық ішкі істер органы Белорусь азаматы П.-ні Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

«Ішімдікке салынудан мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы азаматтық істердің қаралу тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті

14/06/2017

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров  судьяның, Күршім орталық аудандық ауруханасының нарколог-дәрігері және Күршім АІІБ қызметкерлерінің    қатысуымен  «Ішімдікке салынудан мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы азаматтық істердің қаралу тәжірибесі»   тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Судья Кудайбергенова Р.Т. 2017 жылдың 5 айында сот өндірісіне түскен осы санаттағы істердің стаистикалық мәліметіне және қаралу тәжірибесіне тоқталды.

Жеке айыптауға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/06/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 108-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) К-ның шағымы бойынша Ж-ға қатысты қозғалған жеке айыптау тәртібінде қылмыстық  іс қаралды.

Сотта сотталушы Ж. спирттік ішімдік ішкен масаң күйінде жәбірленуші К-ға қол жұмсап жеңіл дәрежеде дене жарақатын түсірген.

Сот талқылауында, кәсіби емес медиатор Н.Жадранованың қатысуымен медиативтік келісімге келуіне байланысты, жәбірленуші және сотталушы қылмыстық істі тоқтатып аталған келісімді бекітуді сұрады.

«Сыбайлас жемқорлықты болдырмау» тақырыбында семинарлық сабақ өтті

14/06/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында сыбайлас жемқорлықты болдырмау атты семинарлық сабақ өтті. Іс-шараға сот мамандары қатысты.

Өз кіріспе сөзінде жетекші маман Р.Келиспаева сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың міндеті екенін айтты. Сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан да сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жағдайын жасауымыз қажет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын, алдын-алу шараларын, сыбайлас жемқорлықтың жасалу жолдары мен түрлерін айтып өтті.

«Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында кездесу өткізілді

14/06/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен  «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс шараның мақсаты - сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

Шартты түрде жазаны өтеуден босатылды

14/06/2017

Аягөз аудандық сотында Н.-ның шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтеуден босату туралы өтініші қаралды.

Аталаған іс материалдарына  сәйкес, Н.-ға сот үкімімен шартты түрде 5 жылға жаза өтеу белгіленген.Жаза өтеу барысында, сотты болған Н. құқық бұзушылық жасамай, өзіне қойылған талаптарды бұзбай, түзелу жолына түскен.

Пробация бөлімінің және ІІБ-нің тарапынан ешқандай ескертулер алмаған.