Архив событий

28/06/2017

Зайсан аудандық әкімдігінде пресс-тур өтті

28/06/2017

Зайсан аудандық әкімдігінде  жаңа технологияларды  сот жұмысында қолдану бойынша БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізілді.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі  К.С.Игілікова БАҚ өкілдерін аудандық сотта  қолданылып келе жатқан  жаңа  технологиялардың  жұмыс істеу тәртібімен таныстырды.

Абай аудандық соты журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

28/06/2017

Абай аудандық сотында «Абай елі» газетінің тілшілерімен сот мамандарының қатысуымен журналисттерді кәсіби мерекесімен құттықтауға арналған салтанатты жиын өткізілді.

Сот төрағасы Е.Е. Адильбеков «Абай елі» газетінің ұжымын кәсіби мейрамдарымен құттықтап, оларға баспасөз қызметінің қоғам өміріне деген әсері ұшаң-теңіз екенін, сонымен қатар газет ұжымының ауданымыздың дамуының себебіне олардың қосқан  қаламгерлік қарым-қабілеті, тынымсыз  еңбектерінің үлесі де бар екенін атап өтті.

Семей қалалық соттары журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2017

Бүгінгі күні - ақпарат ең маңызды құндылықтардың бірі болып табылады, өйткені қазіргі уақытта, әділ ақпаратты дайындау және тарату журналистердің еңбегі екендігі сөзсіз.

Семей қалалық соты және Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты байланыс және ақпарат қызметкерлері Күніне орай БАҚ өкілдерін құттықтады.

Қылмыстық іс жеке айыптаушының айыптаудан бас тартып, медиативтік келісімге келіуіне байланысты, қысқартылды

28/06/2017

Тарбағатай аудандық сотында денсаулыққа қасақана жеңіл түрдегі зиян келтіргені туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында жәбірленуші сотталушы К.-мен қазіргі уақытта татуласқанын, өзара мәмілеге келгендерін, сондықтан сотталушыға қатысты қылмыстық істі медиативті келісімге келулері байланысты қысқартуды сұрады.

Сотқа сотталушы мен жәбірленушінің арасында кәсіпқой емес медиатор Ж.Маханова бекіткен медиативті келісім түсті.

Теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

28/06/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық соты азамат К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы  1-бөлігімен  қарастырылған (теріс қылық) қылмыстық іс қаралды.

К. сот қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырыла тұра, Тарбағатай ауданы, Ақжар-Құйған тас жолында Ваз-21065 маркалы көлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Байланыс және ақпарат күнімен құттықтады!

28/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотының ұжымы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін ақпарат және байланыс күнімен құттықтады.

Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.К.Тайтолеуов өзара байланыс үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдары саласында үлкен жетістіктерге жетуді тіледі.

БАҚ өкілдері алғысты қабыл алып, алдағы уақытта облыстық сот органдарымен өзара қарым-қатынастарды жақсартатындықтары туралы айтты.

 

Риддер қалалық сотында байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті

28/06/2017

Риддер қалалық сотында Байланыс және баспасөз қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Риддер қаласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен телеарна қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді.

Зырян ауданының №2 аудандық сотында мемлекеттік қызметкерлер күніне орай мерекелік жиын өтті

28/06/2017

Сот төрағасы А.К.Каленов жиындағы барлық қатысушыларды Мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, қызметкерлердің атқарып жатқан қызметтерінің маңыздылығын және біліммен, кәсіптік біліктіліктен басқа төзімділіктің де маңыздылығын айта кетті, себебі сот ғимаратына келетін әр бір адам өз құқығын қорғауға келетінін айтып өтті.

Катонқарағай аудандық соты журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

28/06/2017

Катонқарағай аудандық сотының ұжымы сот төрағасының Б.Секербековтың бастамасымен  28 маусым  Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Шығыс Ақпарат» ЖШС  бөлімі,  «Арай-Луч» газетінің өкілін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Сот төрағасы байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері жоғары біліктілігіне өз кәсібіне адал болғаны үшін алғысын білдірді және шығармашылық табыс, жаңа бастамаларында сәттілік тіледі.

«Қазақстан Республикасында ратификацияланған Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың негіздері» тақырыбында семинар өткізілді

28/06/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасында Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың негіздері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға сот төрағасы А.Аринова судья А.Байжуменова және сот мамандары  қатысты.

Сот төрағасы А.Аринова баяндама жасап,  Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына тоқталды.

Зырян аудандық соты байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін құттықтады

28/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының Зырян аудандық соты жергілікті БАҚ ұжымын байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері Күнімен құттықтады.

Аудандық соттың судьялары «Пульс Зыряновска», «Заря Востока» редакция газеттерінің және «ТВ-Алва» телеканалының қызметкерлерімен бірлесіп жемісті жұмыс атқарғандары үшін алғысын білдірді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа жетістіктерге жетулерін және қызметтеріне сәттіліктер тіледі.

 

Зырян аудандық сотының

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында «Катонқарағай ауданы бойынша «Шығыс Ақпарат» ЖШС қызметкерлерін құттықтады

28/06/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында «Катонқарағай ауданы бойынша «Шығыс Ақпарат» ЖШС қызметкерлерін құттықтады.

Мемлекеттік қызметші күніне арналған жиын өтті

28/06/2017

Бородулиха аудандық сотында Мемлекеттік қызметші күніне арнаған жиналыс өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі м.а. С.Смаглова және сот мамандары қатысты.

Осы айтулы күнді мерекелеудің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізу, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.

Қарама-қарсы жақтығы жолмен қозғалғаны үшін жауапкершілікке тартылды

28/06/2017

Бородулиха аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабы, 3-бөлігі (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша, азамат Л.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта құқық бұзушы азамат Л. Риддер қаласында   автокөлік басқара отырып, қарама-қарсы жақтығы көлікке арналған жол жағына шығып сол жолмен қозғалғаны анықталды.

28 маусым - Қазақстан Республикасының журналистері күні

28/06/2017

Журналистер күні қарсаңында Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г. Оспанова мен судьясы Ж.Жунусова жергілікті «Городок ИНФО» газетінің басшысы В.В. Крушинскийге, жергілікті радио «Аадио Мақсат» ЖШС-нің директоры А.К. Эсеноваға, және «Риддер-Информ» ЖШС-і Риддер телеарнасының өкілі Ю.В. Клевцоваға  грамоталар тапсырды.   

«Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында семинар сабағы өтті

28/06/2017

Бородулиха аудандық сотында «Өрт қауіпсіздігі туралы» тақырыпта семинар өткізілді. Оған аудандық сот қызметкерлері және Бородулиха  ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің  басшысы К.Ризин қатысты.

Семинарда өрт қауіпсіздігі туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңсе меңгеруші м.а. С.Смаглова  «Өрт қауіпсіздігі туралы» тақырыпта баяндама жасап, жергілікті соттар ғимараттарында өрт қауіпін болдырмау үшін алдын-алу шараларына тоқталды.

«Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/06/2017

Катонқарағай ауданының  №2 аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға  судьялар, Катонқарағай АІІБ-ң қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс шараның мақсаты - БАҚ-пен бірлесіп жұмыс жүргізу, мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынастарды жақсарту, сот жүйесіне қатысты ақпараттандыруға қол жеткізуді жақсарту.