Архив событий

05/06/2017

Мемлекеттік рәміздер күні

05/06/2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Өскемен қалалық сотында судьялар мен мамандардың қатысуымен «Мелекетік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»  тақырыбында семинар өткізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

05/06/2017

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы 2007 жылғы 4 маусымда қабылданған.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Бесқарағай аудандық сотында семинар өткізілді

05/06/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Сот актілерін жазудың сапасын арттыру және оның процессуалдық  заңнамаға сәйкестігі» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған шараға Бесқарағай аудандық сотының судьялары мен мамандары қатысты.

Өткізілген семинардың мақсаты судьялардың сот актілерін құру кезінде кәсіби біліктілігін жоғарылату.

«Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу тәжірибесі» тақырыбында семинар сабағы өтті

05/06/2017

Бородулиха аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Касенова «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді. Семинарда аудандық сотының кеңсе мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі дөңгелек үстел аясында сот ісін жүргізуіне хабарлама, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, электрондық пошта, сот кабинеті, сот отырыстарын аудио-бейне, сот жүйесіндегі жүзеге асырылған интернет-ресурстар және т.б. инновациялық технологияларды енгізу ерекшелігі туралы айтты.

Сот актілерін орындау

05/06/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында сот төрағасы А.Абдрахманов, сот судьясы А.Калиев және сот қызметкерлерінің қатысуларымен семинар өтті.                                  

Зайсан аудандық сотында 2017 жылдың бес айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

05/06/2017

Зайсан аудандық сотында 2017 жылдың бес айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев, судьялар  Н.Хасенбаев, Г.Нуртазинова, Ш.Оспанова және сот қызметкерлері, аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыт, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

 Брифинг барысында соттың төрағасы аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Достық үйінде семинар өтті

05/06/2017

Бесқарағай аудандық Достық үйінде әкімдік өкілдерінің, кәсібі және кәсібі емес медиаторлардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі талқыланды.

Бұзақылық тәртібі үшін жауапкершілікке тартылды

05/06/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-тің 434-бабының, 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық жасағаны үшін) бойынша әкімшілік құқықбұзғаны үшін жауапқа тартылған, Р.-ға қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

 Сот отырысында Р.-ның күндізгі уақытта Риддер қаласының Тәуелсіздік даңғылында ораналасқан пәтерінің балконынан сыраның бос шөлмектерін жаяу жүргіншілер жүретін жолға лақтырып, жаяу жүргіншілердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірген.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

05/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігінің, 1-тармағы (есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, бірнеше рет өткізу), ҚК-нің 296-бабының, 2-бөлігі (есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, сақтау) бойынша сотқа берілген П-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, П. «кептірілген марихуана» есірткі затын өткізу мақсатында, заңсыз сақтаған. Әрі қарай, «ацетильді опиум» есірткі затын дайындап, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған.

Көлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін жазаға тартылды

05/06/2017

Глубокое аудандық соты ҚК 346-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) азамат К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, 2017 жылдың мамырында  бұрын 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан азамат К,  алкогольдік ішімдік ішкен күйінде Глубокое ауданының ЖПҚ-нің қызметкерлерімен ұсталды.