Архив событий

07/06/2017

Семей қаласының Ювеналды сотында сот актілерін орындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өтті

07/06/2017

Семей қаласының Ювеналды сотында «Сот актілерінің уақытылы орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аумақтық сот орындаушылар бөлімінің, әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінің және жеке сот орындаушылардың  аймақтық палатасының сот орындаушылары шақырылды.

Семей қаласының ювеналды сотында жергілікті тұрғын алимент төлемегені үшін сотталды

07/06/2017

Семей қаласының Ювеналды соты 36 жастағы азамат П.-ға қатысты үкім шығарды.

Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабымен көрсетілген (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қылмысты жасағаны үшін айыпталды.

Сотта анықталғаны, П., 18.01.2007 жылғы сот бұйрығына сәйкес 5 жастағы ұлын асырауға алимент төлеуге міндетті болатын.

Сот төрелігін жүзеге асырудың жайы туралы бес айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

07/06/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.Садуакасова жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған сот төрелігін жүзеге асырудың жайы туралы бес айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Аталған іс-шараға «Біздің Заман» газетінің редакторы Е.Құттыбаев, «Семей таңы» газетінің Тарбағатай өңірі бойынша тілшісі Х.Сатиев қатысты.

Зайсан аудандық сотында пилоттық жоба бойынша дөңгелек үстел өтті

07/06/2017

Зайсан аудандық сотында Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Б.Мергембаев, судьялар Г.Нуртазинова, Н.Хасенбаев, Ш.Оспанова, Зайсан қаласында жұмыс істейтін кәсіпқой емес медиаторлар К.Сулейменов, К.Кусайнова, С.Мергембаева қатысты.  

Тараптардың медиация тәртібінде келісімге келулеріне байланысты жеке айыптау қылмыстық ісі қысқартылды

07/06/2017

Глубокое аудандық сотында азамат  Я.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша жекеше айыптау тәртібімен қылмыстық іс қаралды.

Сотта жеке айыптаушы айыптаудан бас тартып, сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін ұсынды.

Осылайша, Қылмыстық кодекстің 108-бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы қылмыстық істің өндірісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылды. Я. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Азаматтық іс пилоттық жоба аясында қысқартылды

07/06/2017

Риддер қалалық сотында өңдірілетін алимент мөлшерін арттыру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық процестік кодекстің 165-бабы, 16-тармағына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама жолданды.

Көлік құралын басқару құқығынан айрылды

07/06/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.