Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Риза Молдабайқызы Нанарованы 80-жасқа толу мерейтойымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласы №2 сотының төрағасы Д.Б.Бұлғынбаев пен мамандырылған әкімшілік  сотының төрағасы А.Т.Молдағожина Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы  Н.М.Қайырбековтың және сот жүйесінің ардагерлері мен судьялардың атынан сот жүйесінің ардагері – Риза Молдабайқызы Нанарованы 80-жасқа толу мерейтойымен  құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті.

Риза Молдабайқызы Нанарова өзінің  еңбек жолын жастайынан бастаған, Жарма аудандық  прокуратурасының хатшысы, нотариус болып қызмет атқарған. Уақыт өте келе Семей қаласының Калинин аудандық сотына ауыстырылып, зейнеткерлікке шығар алдында отставкаға шыққанға дейін Семей қалалық сотының судьясы қызметін атқарды. Риза Молдыбайқызы қиында жемісті еңбек жолына қарамастан, өз мансабын тастамай 1997 жылдан бастап осы күнге дейін  халыққа адвокат ретінде көмектесуде. Риза Молдыбайқызының айтуынша 21 жыл сот жүйесіндегі тәжірибесі  адвокат ретінде қайта мамандануына көп қиындық туғызбады. Әрбір  судья  істің қоғамда қызығушылық туғызуына  қарамастан әділ, шыншыл болуы керек, алайда  басқа адамдардың сезімдеріне қарап адамгершілігін ұмытпауға тиісті.

Судьялар  мерейтой иесіне  және оның  жақындарына шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасылық бақыт, бейбітшілік пен татулық тіледі.

Аға буын өкілі Риза Молдабайқызының жүріп өткен жолы жас судьяларға үлгі болары сөзсіз.

Кездесу соңында Р.М.Нанарова Шығыс Қазақстан облысының судьялар қауымдастығына ыстық ықыластары үшін  алғысын білдірді.

 

Семей қаласы № 2 сотының

 баспасөз қызметі