Медиация институтын кеңейтуге қатысты дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен «Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі» тақырыбында медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Р.Омаров сот отырысына дайындық кезеңінен бастап сот тараптарға татуласу келісімі құқығын түсіндіруге міндетті, өйткені бұл талап азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, медиация келісімінің артықшылығы, талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж бюджеттен кері қайтарылатына тоқталып, келісім сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы екенін түсіндірді.

Дөңгелек үстел сонында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып, туындаған сұрақтарға жауап берілді.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық

сотының баспасөз қызметі