Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының, 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша құқық бұзушылық жасаған Ш.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта құқықбұзушының кәмелетке толмаған ұлы дәлелсіз себептермен мектепке 17 күн бармаған, яғни жүз жеті сағат сабақ босатқаны анықталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. ӘҚБтК-нің 127-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі