ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласы ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Р.Ақпар құқықтық мәдениетті жоғарылату мақсатында азаматтарға қабылдау өткізді.

Сот төрағасы қойылған сұрақтарға заңнама талаптары түсіндіріле отырылып, тиісті жауаптар берілді.

Азаматтар  көбінесе әкелікті тану, балалармен араласу тәртібін анықтау, алимент мөлшерін азайту, баланы асырап алуға байланысты сұрақтармен жүгінді.

Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеушілік туралы сұрақтарына апелляциялық тәртіпте шағым келтіру туралы заң нормалары түсіндірілді.

Осындай іс-шараларды өткізу, тұтастай алғанда, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруда  маңызды рөл атқарады.

Сот төрағасымен азаматтарды  жеке қабылдау барысында барлық қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі