Сот төрағасы мемлекеттік қызметшіні алған марапатымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.С.Қасенғалиева ұзақ жылғы сот жүйесіндегі қызметі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 21 маусымдағы №6001-17-76/262өкімімен ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Ардақ Серікбайқызына аталған марапатты Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметшілері күні» мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі Е.Айтпай табыстаған болатын.

Аудандық соттың төрағасы К.М.Садуакасова ұжым мүшелерін жинап марапат иесін құттықтады.

Аталған шара барысында әріптестері Ардақ Серікбайқызының жетістігі – сот жүйесіне сіңірген еңбегінің лайықты бағаланғаны туралы пікірлерін білдірді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі