Сартерек ауылдық округінің әкімдігінде «Медиация кабинеті» ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғары Сотпен Елбасының судьялардың VII съезінде судьялардың алдына қойылған нақты тапсырмаларды іске асыру және дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында пилоттық  жоба іске қосылған. Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округінің әкімдігінде ағымдағы жылдың 23 маусымында Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаевтың, ауыл әкімі Ә.Орынбаевтың және кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен «Медиация кабинеті» ашылды.

Дауларлардың (жанжалдардың)  жекелеген санаттары бойынша медиациялық келісім жасаудың ерекшеліктеріне, проблемалық мәселелеріне, пилоттық   бойынша медиациялық келісімдер жасаудағы медиаторлардың орындайтын жұмыстары орасан зор рөл атқарады.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі