Тергеу судьясы жергілікті полицияның өкілдерімен семинар сабағын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотының тергеу судьясы Л.Мұратқанқызы Тарбағатай аудандық жергілікті полициясының өкілдерімен «Әкімшілік іс жүргізу тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру» сұрақтары тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Шараға Тарбағатай ауданының прокуроры Б.Бекенов, ІІБ жол-потрульдік полициясы бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе жөніндегі аға инспекторы М.Утепов, көші-қон полиция бөлімшесінің  инспекторы Ә.Слямбаев, учаскелік инспектор Д.Сейтолла қатысты.

Судья Л.Мұратқанқызы әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру барысында  жіберілетін қателіктерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар, кей реттерде әкімшілік құқықбұзушылық құрамының бар жоғына мән берілмей әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру фактілері орын алғанын және әкімшілік істердің сол себепті қысқарғаны туралы нақты мысалдар келтірді.

Семинар сабағын қорытындылай келе, судья Л.Мұратқанқызы әкімшілік іс жүргізу тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру барысында Заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін  түсіндірді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі