Құқықбұзушы сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының, 1-бөлігі бойынша (сотқа құрметтемеушілік білдіру) азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы  Ж.  ӘҚБтК-нің 440-бабы 4-бөлігімен қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот отырысына  алкогольдік масаң күйде келген.

Осылайша, құқықбұзушы Ж. ӘҚБтК-нің 653-бабының 1 бөлімінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, себебі ол сотпен қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша құқықбұзушы ретінде сотқа алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде келіп, іс-әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

Сот қаулысымен Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі