Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында  Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Жеке айыптаушы К. сотталушы Көкжыра ауылындағы үйде өзін басынан және қол аяғынан соғып, денсаулығына қасақана жеңіл түрдегі зиян келтіргені туралы айыптайды.Сот отырысында жәбірленуші сотталушы Т.-мен қазіргі уақытта татуласқанын, өзара мәмілеге келгенін, сондықтан сотталушыға қатысты қылмыстық істі медиативті келісімге келгеніне байланысты қысқартуды сұрады.

Сотқа сотталушы мен жәбірленушінің арасында кәсіпқой емес медиатор Ж.Маханова бекіткен медиативті келісім түсті. Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші  медиативті келісімге өз еріктерімен келгендерін бекітті.

Сот, аталғандар негізінде және ҚПК-ң 35, 412, 413 баптарын басшылыққа ала отырып, ҚК-ң 108 бабымен айыпталған Т.Темекбаевқа қатысты қылмыстық істі медиативтік келісімге келіп, жеке айыптаушының  айыптаудан бас тартуына байланысты, қысқартты.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі