Мемлекеттік және жеке орындалушылармен «Сот актілерінің орындалу барысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай  ауданының №2 аудандық  сотында Мемлекеттік және жеке орындалушылармен «Сот актілерінің орындалу барысы туралы» тақырыбында дөңгелек  үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақжар аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы А.Баяхметов, жеке сот орындаушысы Г.Жунусбекова және сот мамандары қатысты.

 Сот төрағасы С.К.Ахмеджанов  орындалмаған сот актілерінің санын атай келе,  ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы,  3-бөлігімен, 389-баптарымен  келіп түсетін әкімшілік істерге тек қана айыппұл салынатындықтан, осы салынған айыппұлдар мемлекет пайдасына өндірілмей, сот актілері орындалмай жатқандығын атап көрсетті.

Сот орындаушылар өз сөздерінде  құқықбұзушыларға салынған айыппұлдар 20, 40 айлық есептік көрсетікіш мөлшерінде өте жоғары болғандықтан, сот актілерін орындау барысында қиындықтар туындайтынын,  айыппұлды бөлшектеп төлейтіндіктерін, атап айтқанда борышкерлердің жұмыссыз екендігін  айтты.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе сот актілерінің уақытылы орындалуы басшылыққа алынды.

 

Тарбағатай  ауданының №2  аудандық сотының

 баспасөз  қызметі