Риддер қалалық сотында «Сот актілерінің сапасы» туралы семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К. Адаспаев азаматтық істерді қарау бойынша сот тәжірибесі мен сот актілерінің сапасын талқылау мақсатында  судьялардың қатысуымен семинар өткізді.

Риддер қалалық сотының судьялары семинарда азаматтық істерде АПК нормаларын қолдану тәртібін  талқылады. Семинар сот төрелігін оның сапасын арттыру, судьялардың кәсіптілігі мен құқықтық білімдерін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның қорытындысында алдағы уақытта сот актілерінің күшін жою мен өзгертілуіне жол бермеу арқылы сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру үшін судьялар ұсыныстар енгізді.

Семинарды қорытындылай келе, қатысушыларға алғыс білдіріп, судьялар үшін осындай талқылаулардың тиімділігін атап өтті.

Семинар сабағы сот тәжірибесін бірізділікке келтіру, қателіктер жібермеу және алдын-алу мақсатында, әсіресе жас судьялар үшін аса қажет.

Семинар жұмысын қорытындылай келе «Заң нормаларын қолдану бойынша даулы мәселелерді ұжым болып талқылау, судьяның кәсіби дәрежесі мен білімін жоғарылатуға септігін тигізеді»,- деді соттың төрағасы.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі