Азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында тұрғын үйден Қ-ны жанұя мүшелерімен шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотқа арызданып Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылындағы тұрғын үйін 800 000 теңгеге бағалап К.-ға жазбаша қолхатпен сатқанын, соңғысы 350 000 теңгені бергенін, қалған 450 000 теңгені бүгінгі күнге дейін бермегенін көрсетіп, К.ның жанұя мүшелерімен аталған тұрғын үйден шығаруды сұраған.

Сот мәжілісінде тараптар  медиация тәртібімен келісімге келгендерін көрсетіп, сотқа медиативтік келісімді ұсынып, медиативтік келісімді бекітіп, істі тоқтатуды сұрады.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс тараптардың өз-ара медиация тәртібімен  келісімге келуіне байланысты өндірістен тоқтатылды.

Талапкерге мемлекет пайдасына төленген мемлекеттік баж алымы толықтай қайтарылды.

Сот  ұйғарымы  заңды  күшіне  енген  жоқ.

 

Тарбағатай  ауданының  №2  аудандық сотының

  баспасөз  қызметі