Зырян ауданының №2 аудандық сотында статистикалық есеп жүргізу мәселелері бойынша семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі кеңсе қызметкерлерімен «Статистикалық есептің дұрыс және толық қалыптастырылуы» тақырыбында семинар өткізді.

Кеңсе меңгерушісі өз сөзінде, сот жұмысы туралы статистикалық ақпарат

электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерінің дұрыс және толық толтыруына байланысты екенін айтып өтті.

Семинар шеңберінде  статистикалық есептің қалыптастыру реті   түсіндіріліп берілді. Сонымен қатар, электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерін толтыру кезінде жиі кездесетін  қателіктерге аса назар аударылып, семинарға қатысушылардың электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерін толтыру бойынша қойылған сұрақтарына  толыққанды жауап  берілді.

Семинар аяқталу барысында, кеңсе меңгерушісі әріптестерінен алдағы уақытта бірінші жартыжылдықтың статистикалық есебінің  дұрыс және толық қалыптастырылуы мақсатында,  электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерін дұрыс және толық толтыруына тиісті шара қолдануын талап етті.

 

Зырян ауданынң №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі