Мемлекеттік қызметші күніне орай шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Мемлекеттік қызметші күні» ауқымды мерекесінің қарсаңында Зырян аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен іс-шара өткізілді.

Жетекші маман Н.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» тақырыбында дәріс оқыды. Н.Сапарғалиев өз баяндамасында мемлекеттік реформаларды халыққа жеткізетін мемлекеттік қызметшілер болғандықтан, олардың  азаматтардың әл-ауқатын арттыруда атқаратын рөлі ерекше екендігін атап өтті. Мемлекетпен қабылданған шаралар азаматтардың талаптарын қанағаттандаруға бағытталған. Жыл сайын 23 маусым күні Қазастанда «Мемлекеттік қызметшілер күні» атап өтіледі.

Шара соңында қатысушылармен мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі және аталған тақырып бойынша басқа да сұрақтар талқыланды.

 

Зырян аудандық сотының

 баспасөз қызметі