«Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотының  бастамасымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.  

Аталған шараға  кәсіпқой емес медиаторлар, нотариустар, үкіметтік емес ұйымдар мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.  

Судья Е.Т.Шымыров  қолданыстағы бітімгершілік рәсімдерді дамыту - дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Жоба шеңберінде бала мүдделері, кей санаттағы еңбек даулары, мұрагерлік, көршілер арасында жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басу, пәтерден шығару, некені бұзу, мүлікті бөлу, қарыз, сақтандыру шарттарына қатысты даулар бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу қамтылғанын, пилоттық жобаның жекелеген санаттағы дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын, медиация өткізу тәртібін, жобаның артықшылығы мен ерекшелігіне тоқталып өтті.

Шара соңында дөңгелек үстелге  қатысушылар пилоттық жобаны іске асыруға бағытталған ұсыныстарды талқылады.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі