Тарбағатай аудандық сотының судьяларымен «Жаза тағайындау» арнайы пилоттық талдамалық сервисін әзірлеу, оны «Төрелік» ААТЖ-ға қосу тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотының судьяларымен «Жаза тағайындау» арнайы  пилоттық талдамалық сервисін әзірлеу, оны  «Төрелік» ААТЖ-ға қосу тақырыбында семинар өткізілді

Семинарға қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судья К.М.Садуакасова мен тергеу судьясы Л.Муратқанқызы қатысты.

Судьялар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексі және Қылмыстық Кодексі нормаларының негізінде қылмыстық iс бойынша ақпараттың зияткерлік талдау алгоритмдерінің барлық жинағын  қамтитын «Төрелік» - «Жаза тағайындау» жүйесі үшін арнайы пилоттық талдамалық сервисті әзірлеу және оны «Төрелік» ААТЖ-ға қосу жөніндегі судьяларға арналған модульдік нұсқаулықпен танысып, оны пайдаланудың тәртібін оқып үйренді.

Бас маман Л.О.Жакилина осы жаңашылдық бойынша аталған сервис қызметі судьяларға сот шешімдерін дайындау кезінде қолданыстағы заңнамаға барлық сәйкессіздіктерді автоматты түрде көрсететіні, бұл жаңалықтың тиімділігі туралы  өз пікірлерімен және ұсыныстарымен  бөлісті.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі