Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісі» РММ  Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне орай облыс соттарының қызметкерлері арасында қолданыстағы заңдар мен «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс-жүргізу ережелері» туралы білімдерін анықтау  бойынша байқау өткізді.

Атаулы шараға ШҚО бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай,  Соттар Әкімшісінің аппараты, аудандық және оған теңестіріліген соттардың мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығындағы өзгерістерге  сәйкес 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні деп жарияланған.

Байқаудың негізгі мақсаты – қолданыстағы заңдар мен «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс-жүргізу ережелерін» білу туралы білімді, сот жүйесінің ең үздік маманын анықтау, жақсы жұмыс тәжірибесін насихаттау және кәсіби деңгейді көтеруге ынталандыру.

Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең – қолданыстағы заңдар мен іс-жүргізу ережелерін білуі жөніндегі тестілеу, 2-кезең – «сұрақ-жауап» түріндегі ауызша емтихан, 3-кезең  әңгімелесу. Байқау комиссиясы жоғары деңгейдегі білікті де білімді кәсіби, сондай-ақ өз дағдыларын қалпында ұстау және жалпы мәдениетке қажетті деңгейі қабілетті, этикалық және іскерлік қарым-қатынасты, сырт келбетін, ұқыптылықты сақтайтын, ұжымдағы әріптестері және сотқа келушілермен қарым қатынасы бойынша мәдениеті жоғары  маманды  анықтады.

Байқауға аудандық және оған теңестірілеген соттардың 15-тен астам  мамандар мен сот мәжілісінің хатшылары қатысты.

Байқаудың нәтижесі бойынша бірінші орынды – Жарма аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы – Бибигүл Жәнібекова, екінші орынды – Катонқарағай аудандық сотының жетекші маманы – Нәзерке Тоқтарбаева,  үшінші орынды – Өскемен қалалық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Шалқар Джанбосынов иеленді. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Ерғали Айтпай өз сөзінде, мемлекетке қызмет ету қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімділік білдіру болып табылады  және мемлекеттік қызметкерлердің адамгершілікке және моралды-этикалық  бейнесіне  жоғары талаптар қоятындығын атап өтті. Қоғам мемлекеттік қызметкерден барлық білімі мен кәсіби біліктілігін, қызметін өз отаны - Қазақстан Республикасына адал және риясыз қызмет етеді деп күтеді. Мемлекеттік қызмет үшін имидж негізгі функционалдық және мәртебелік маңызға ие.

Шараның соңында Е.Айтпай қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдіре отырып, қызметте сәттіліктер мен жеміс тілей келе, сот қызметкерлерін мемлекеттік қызметтің дамуына зор үлес қосқандары үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Шығыс Қазақстан облыстық  сотының 

баспасөз қызметі