Риддер қалалық сотында судьялар арасында «Төрелік ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында судьялар арасында «Төрелік ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Т.К. Адаспаев пен Риддер қалалық сотының судьялары қатысты.

Төраға  Т.К.Адаспаев өзінің баяндамасында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-қоры арқылы сот ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологиялар, яғни, «ТӨРЕЛІК» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Сот құжаттарымен танысу», «Қаралатын істер тізімі», «Сот істері анықтамасы», «Сот актілері банкісі» «Соттың шақыру қағазы» сервистері жайлы жан-жақты айтып берді. Судья сот жүйесіне енгізілген осы жаңа технологиялардың әр бір істі қарауды оңайлатуға және жеделдетуге, азаматтарды тиісті түрде хабардар етуді қамтамасыз етуге – нәтижесінде сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге септігін тигізіп жатқандығын айқындап өтті.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмысының тәртібі жөнінде,  ішкі құжат және кіріс-шығыс құжаттарын жасау, азаматтық, қылмыстық істерді тіркеу, оларды электрондық карточкаларға толтыру  туралы кеңінен түсіндірілді.  «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мақсаты – процеске қатысушылардың іске қатысты қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету. «Төрелік» жүйесі ақпараттық мәліметтерді жедел алмасуды қамтамасыз етіп,  автоматтандырылған есепке алу, процессуалдық мерзімдердің сақталуын бақылау, статистикалық және талдау есептерін құру, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді жеңілдетуді іске асырады.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмысын талқылау барысында қатысушылар сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

 

 Риддер қалалық сотының

 баспасөз қызметі