Бородулиха аудандық сотында «Мұраға қалдыру және одан туындайтын мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық сотында «Мұраға қалдыру және одан туындайтын мәселелер. Құжаттардың көшірмелерін растау»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге ауданының нотариустары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында нотариустармен мұраны қабылдау туралы куәлік беруді рәсімдеу кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мұраға қалдырылатын үйде тіркеліп, шын мәнінде басқа жерде тұратын немесе мұра қалдырушы мен мұрагердің тегі бір біріне сәйкес келмеген жағдайда, яғни мұрагердің мұра қалдырушымен туыстық қатынастарын бекітетін құжаттардың болмауы кезінде мұрагерлердің тізімін анықтауға баса назар аударылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар  баладан бас тарту туралы арызды растау, кәмелетке жасы толмаған балаларының ата – аналарынан бөлек тұрып, оқуларына сенімхат беру мәселелерін талқылады.

Қорытындылай келе, қатысушылар өзара пікір алмасып, нотариалдық әрекеттерді жасау кезінде тек қана «Нотариат туралы» Заңының ғана емес, «Неке және отбасы» Кодексінің, АПК-нің және басқа да заңдардың талаптарын да басшылыққа алу қажет деген тұжырымға келді.  

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі