Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотымен  жеке айыпталушы Б.-ға қатысты жеке шағым бойынша жеке айыптау тәртібімен ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, ерлі зайыптылар өзара  сөзге келіспей қалып, күйеуі әйелін екі рет жұдырығымен ұрып, аяғымен теуіп,  денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген. Басты сот талқылауында медиатордың қатысуымен тараптар медиативтік келісімге келіп, іс бойынша сот өндірісін қысқартуын сұрады.

Медиативтік келісім негізінде азамат Б.-ға қатысты іс өндірісі тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне  енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі