Азаматтардың арасындағы араздық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемденген,өзімен бірге заңсыз алып жүргені үшін,  293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қарастырылған бұзақылықты жасағаны, 107-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен қарастырылған денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргені үшін Д. ға қатысты қылмыстық іс қаралды.                                                

Сотпен анықталғандай, Д. жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар «STREAMER 1014» маркалы газды қаруды дүкеннен сатып алып, заңсыз иемденіп, өзімен бірге заңсыз алып жүріп, Зайсан қаласының шетінде А. М, К-лармен кездесуге өзінің жолдасы С. мен бірге барған. Сол жерде  С. мен К. екеуі өздерінің бұрынғы болған бас араздықтары жайында төбелескен. Төбелесті тоқтату мақсатында А. тапаншаны аспанға атып, төбелесті тоқтатпақ болған  кезде, Д.  көпшіліктің көзінше, газды қарумен А- аяғынан  атып, оған ауырлығы орташа зиян келтірген.

Сот мәжілісінде тараптардан медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түсті. Д.  ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен  тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

 ҚР  ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып Д. ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ Заңының 2-бабының 1-тармағына сай қылмыстық жазадан босатылды.

ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен 3 (үш) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі