«Гендерлік саясат» тақырыбында халықпен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Сартерек ауылдық округінде болып «Гендерлік саясат» тақырыбында  ауылдық округ халқымен кездесу өткізді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, Сартерек ауылдық округінің әкімі Ә.Орынбаев, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы М.Нурбаев, әйелдер кеңесінің төрайымы А.Орынбаева қатысты.

Шара барысында аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев Қазақстан Ресбуликасы өз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан-ақ гендерлік проблемаға баса көңіл бөліп, әйелдер мен балалардың құқықтарын халықаралық талаптарға сәйкестендіруге ерекше ден қойғанын, нәтижесінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде гендерлік мәселелерге байланысты көптеген халықаралық келісім-шарттарға қосылып, салиқалы гендерлік саясат жүргізіп отырғанын атап көрсетті.

Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына,  әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. 2016 жылға дейін мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына /бұдан әрі Стратегия/ сәйкес жүзеге асырылды. Гендерлік стратегияны табысты іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қорғауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы 2030 жылғы дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырмдамасы қабылданып, бұл тұжырымдама сәтті іске асуда.    

Мемлекеттің гендерлік саясаты 2015 жылдан қолданысқа енген Қылмыстық, Қылмыстық-процетік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде де өз көрінісін тапқан. Бұл кодекстерде жыныстық, жастық ерекшеліктерге байланысты  әйелдер мен балалардың қылмыстық, әкімшілік жауаптылықтары қарастырылған, олар негізінен әйелдер мен балалардың құқықтарын мейлінше қорғауға бағытталған.

Кездесу барысында талқыланған тақырып бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда гендерлік теңдікті сақтаудың маңыздылығын атап көрсетті.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі