Архив событий

26/08/2016

Өскемен қалалық соты «Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ітерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбыңда дөңгелек үстел өткізді

26/08/2016

Өскемен қалалық соты Достық үйде «Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ітерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Өскемен қалалық сотының судьялары, ШҚО бойынша еңбек және әлеуметтік қоғам комитеті Департаментінің өкілі, прокурорлар мен адвокаттар қатысты.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол-көлік оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерін төлеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

26/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы С.Ибраевтың төрағалық етуімен «Жол-көлік оқиғасына байланысты  сақтандыру төлемдерін төлеудегі жаңашылдық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Семей қаласының Ювеналды сотында Семей полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған кездесу өтті

26/08/2016

Семей қаласының Ювеналды сотымен Семей полигонының жабылуының 25 жылдығына орай «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоевпен және оның әріптестері Б.Серікбаев, И.Васильевпен  кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде отставкадағы судьялар Г.Жүкенова және М.Керімбаев, Әділет басқармасының өкілдері Ж. Жалмұратов және Ж.Ракишева, Семей қаласының № 8 балалар үйінің жеткіншектері қатысты.

Курчатов қалалық сотында «Сот актілерінің орындалмауы» тақырыбында семинар өткізілді

26/08/2016

Курчатов қалалық сотында «Сот актілерінің орындалмауы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Курчатов қалалық  сотының судьясы Сыздыков А., сот мәжілісінің хатшысы Шакиртов Р., сот приставы Ргаев Ж., Курчатов қаласы бойынша сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Хайбуллин Д., прокурор Базарбеков Е. және пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты Темирханов А. қатысты.

Кәсіби емес медиатор отбасын сақтап қалды

26/08/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен неке бұзу туралы азаматтық іс қарады.

Сотта істі қарау кезінде, дауларды реттеудің балама технологиясы ретінде медиация қолданылып, кәсіби емес медиатордың қатысуымен, тараптар татуласып,  сотқа дауды реттеу туралы келісім бекіту бойынша арыз берді. 

Сот ұйғарымымен әкімшілік іс өндірісі тараптардың медиативтік келісімге келуіне байланысты  қысқартылды.

Үйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/08/2016

Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 383-бабы 3- бөлігі (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондайақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу) бойынша А.Ғазозовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Өскемен қаласының № 2 сотымен марихуананы ірі көлемде сақтағандығы үшін сотталды

26/08/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚҚ 296-бабы, 3-тармағы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Д.Ордабаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен сотталушының көлігінде ірі көлемде марихуана табылып, тәркіленген.

Шебердің денсаулығына зиян келтіргені үшін сотталды

26/08/2016

Өскемен қаласының № 2 сотымен ҚК 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша Д.Банинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы алкогольдік масаң күйде жұмыстан шеттеткені үшін темір арматурасымен бөлімше шеберінің басынан соққан. 

Сараптама қортындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Сот отырысына масаң күйінде келген

26/08/2016

Семей қалалык сотымен ӘҚБтК-нің 653-бабы, 1-тармағы (сотқа құрметтемеушілік білдіру) бойынша Д.Осипенко қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, құқықбұзушы ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық істің қатысушысы бола тұра, сот отырысына алкогольдік масаң күйде келген.

Сот отырысында құқықбұзушы өз әрекетіне өкінетіндігін баяндап, кінәсін толық мойындаған.

Медиация тәртібімен азаматтық іс қаралды

26/08/2016

Риддер қалалық сотымен Т.Солоптың О.Майфатқа әкелікті анықтау және алиментті өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Басты сот талқылауы барысында тараптардан медиация өткізу және медиативтік келісімді бекіту туралы бірлескен өтініш түсті, оның шарттары бойынша, тараптар бірлесіп кәмелетке толмаған балаға қатысты әкелікті тануға келісті. Жауапкер өз еркімен талапкердің пайдасына ай сайын табысының 1/6 бөлігі көлемінде алимент төлеуге міндеттелді.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

26/08/2016

Үржар аудандық  № 2 сотында ӘҚБтК 608-бабы, 1-бөлігі (көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша Б.Тұздыбаевка қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік  масаң күйде   көлік құралын жүргізген.

Сот қаулысымен Б.Тұздыбаев ӘҚБтК 608-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Дене шынықтыру сабағының мұғалімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/08/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша «О.Бөкей атындағы орта мектебі» МҚМ-нің мұғалімі М., әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот мәжілісінде анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйінде, үйдің подъезінде жәбірленушіге қатысты былапыт сөздер айтқан.

Сот қаулысымен М., кінәлі деп танылып, оған  21 210 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қоғамдық тәртіпті бұзған

26/08/2016

Күршім аудандық сотымен  ӘҚБтК 434-бабы 1- бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындары, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілебеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекет) бойынша Л.Ищенкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.