Архив событий

15/08/2016

Өскемен қаласының № 2 сотында ірі мөлшерде алаяқтық іс әрекет жасаған азамат сотталды

15/08/2016

Өскемен қаласының № 2 сотымен  ҚК-нің 177-бабы, 3-бөлігі «б» тармағы (алаяқтық, ірі мөлшерде жасалған) бойынша А.Ахметоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А.Ахметова өзін риелтор деп таныстырып, жәбірленушіге ипотекалық несие рәсімдеуде көмек ұсынған. Бұған келіскен жәбірленуші Өскемен қаласының 3 банкінен барлық сомасы 2 913 695 теңгені құрайтын кепілсіз несие алып бастапқы жарна ретінде А.Ахметоваға  берген. Ал сотталушы алған ақшасын өзінің жеке қажеттілігіне жұмсаған.

Семей қалалық соты жұмысшының еңбек құқықтарын қорғады

15/08/2016

Семей қалалық сотымен еңбекақы бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

И.Ермаков, В.Лягавин «ЫртышГЭСстрой» ЖШС-не талап арызбен сотқа жүгінген. Арыздарда И.Ермаковтың бас энергетик болып, ал В.Лягавиннің инженер болып жұмысқа қабылданғандары көрсетілген. Бүгінгі күнге дейін жауапкер талапкерлер:  И.Ермаковқа 500 000 теңге,  В.Лягавинге 250 000 теңге көлемінде еңбек ақыларын төлемеген. 

ШҚО Үржар аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

15/08/2016

Үржар аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбыңда дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Үржар аудандық сотының төрағасы Д.Серикбай, аудан прокурорының көмекшісі Д.Раимбеков, «ШҚО Үржар ауданды бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің өкілі Д.Оханова, құқыққорғау органының қызметкері Д.Калиев, Үржар аудандық сотының сот приставы Б.Кебисбаев, Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі  А.Жакипова қатысты.

Күршім ауданының №2 аудындық сотында брифинг өткізілді

15/08/2016

Күршім ауданының № 2 сотының ғимаратында сот төрағасы  С. Жансейіт жергілікті «Рауан»-«Заря» газетінің журналистеріне арнап брифинг өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2016 жылдың 7 айында соттың атқарған жұмыс қорытындысы жайлы ақпарат берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында сот қызметінде қолданылып жатқан жаңа технологиялар, нақты айтқанда «Сот кабинеті» жүйесінің жұмысына кеңінен тоқталып, журналистер назарына жеткізді.

Достық үйінде өзара серіктестік туралы Меморандум аясында дөңгелек үстел өтті

15/08/2016

Бесқарағай аудандық Достық үйінде бекітілген татуластыру рәсімдерін белсенді енгізу және жанжақты дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру шеңберінде «Медиация: заңнама және тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.       

Осы іс-шараға Бесқарағай аудандық сотының судьясы А.Калиев, кәсіби емес медиаторлардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Құқықбұзушы жазаланды

15/08/2016

Жарма аудандық сотында ҚК-тің 293-бабының, 2 бөлігі, 2,3 тармақтары, 379-бабының, 1-бөлігі, 188-бабының, 2-бөлiгi, 3-тармағы, 200-бабының, 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша А.Әбділовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

15/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған А.Хасеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бесқарағай аудандық сотында "Сот кабинеті" тақырыбыңда дөңгелек үстел өтті

15/08/2016

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Абдрахманов «Сот кабинеті» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға Бесқарағай ауданының прокуроры Е.Кошкин, Бесқарағай аудандық ішкі  істер бөлімінің орынбасары Н.Кайсин, лицензиялық-рұсқат беруші қызметтің жауапты маманы Д.Сеилгазин, пробация қызметінің бастығы Е.Усербай, Бесқарағай аудандық кірістер басқармасының басшысы А.Сағатбеков қатысты.        

«Сот отырысының хаттамасы» тақырыбында семинар өткізілді

15/08/2016

Бесқарағай аудандық сотында маңызды процессуалды құжат болып табылатын – сот отырысының хаттамасын әзірлеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында баяндама жасаған сот мәжілісінің хатшысы – бас маман Ж.Ермекова сот мәжілісінің хаттамасын дұрыс толтыру мен оның тәртібі туралы ақпаратты атап өтті. АПК-нің  26-тарауында нақты көрсетілген сот отырысының хаттамасының мазмұны және мерзімдері туралы түсіндірмелер берді.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылды

15/08/2016

Жарма аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат С.Токкожинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Полиция қызметкелеріне күш көрсеткені үшін сотталды

15/08/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Д.Дауеновқа қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру) бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

15/08/2016

Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша О. Семеноваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиатордың қатысуымен отбасы сақталды

15/08/2016

Бесқарағай аудандық соты медиация тәртібімен некені бұзу туралы  азаматтық іс бойынша өндірісті қысқартты.  

Талапкер  талап арызында  жауапкермен 2005  жылы неке құрған  және осы некеден үш баласы бар екендігін, бірақ ортақ түсіністіктің болмауына байланысты соттан некені  бұзуды сұраған.

Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/08/2016

ШҚО Бесқарағай аудандық сотымен талапкер «Казақтелеком» АҚ-ның жауапкер Е.Гофманға қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынған.    

Медиативтік келісім шарттары заңға қайшы келмейтіндіктен және басқа тұлғалардың құқықтарын бұзбайтындықтан, сот медиативтік келісімді бекітті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/08/2016

ШҚО Глубокое аудандық сотымен  ҚК 293-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы, 149-бабының 2-бөлігі (бұзақылық, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша К.Ивановқа, Д.Горчевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Балағат сөйлегені үшін 3 тәулікке қамаққа алынды

15/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша М.Байшеновқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында  анықталғандай, құқықбұзушы анасына  сыйламаушылық көрсетіп, оған қатысты балағат сөздермен қорлаған және отбасының тыныштығын бұзған.

Әкімшілік жаза мен ерекше талап белгіленді

15/08/2016

Жарма аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-бабының, 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша С.Рахметжановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

15/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қатысты  ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған А.Пантелиадиға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, А.Пантелиади ШҚО Семей қалалық сотының кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін табысының ¼ бөлігін өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған, осы негізде алимент бойынша 303 103 теңге берешек пайда болған.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «2010-2016 жылдардағы әкімшілік істер бойынша қаулыларды орындау мәселелері» тақырыбында кезекті жұмыс тобының отырысы өтті

15/08/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Риддер қаласының сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушыларымен «2010-2016 жылдардағы әкімшілік істер бойынша қаулыларды орындау мәселелері» тақырыпта кезекті жұмыс тобының отырысы өтті.

Сот актілерін орындаудағы жұмыс тобының отырысына Шығыс Қазақстан облысының сот орындаушылар Департаментінің Риддер қалалық бөлімінің қызметкерлері, Риддер қаласының кірістер басқармасының инспекторы, Риддер қаласының прокурорының көмекшісі қатысты.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

15/08/2016

Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, К.Жылқышынов алкогольдік масаң күйінде, көлік құралын басқаруға құқығының болмауына қарамастан, автокөлік құралын басқарған.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

15/08/2016

Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық орынды ластаған

15/08/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін С.Мачулайтисқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, С. Мачулайтис қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын белгіленбеген жерге тастаған. Бұл әрекетімен ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

«Ашық есік күні»

15/08/2016

Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасымен республика аумағында «Медиация күні» акциясын өткізу жоспарына сай, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданған күні қарсаңында, медиация рәсімін кеңінен насихаттау мақсатында Бесқарағай аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың арасында медиация институтына белсенді насихат жүргізу.

Көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Ресей азаматы жауапқа тартылды

15/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 517-бабының, 2-бөлігі (шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптын бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жұру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Ресей Федерациясының азаматшасы  М.Соповаға қатысты әкімшілік істі қарады.