Архив событий

05/08/2016

Достық үйінде өзара серіктестік туралы Меморандум аясында «дөңгелек үстел» өтті

05/08/2016

Семей қаласындағы Достық үйінде Семейдегі «Нұр Отан» партиясының филиалы, нотариалды палатаның, адвокаттар алқасының,  соттар мен әкімдіктің арасында бекітілген татуластыру рәсімдерін белсенді енгізу және жанжақты дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру шеңберінде «Медиация: заңнама және тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.       

Медиация кабинетінде медиаторларға арналған семинар-тренинг өткізілді

05/08/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Жансейітұлымен Теректі ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Медиация бөлмесінде» кәсіби емес медиаторларға арналған семинар-тренинг өткізілді.  

Зырян аудандық сотында атқарушылық жазбаларды жасау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

05/08/2016

Дөңгелек үстел отырысына нотариустар Ф.Таимбаева., Л.Шиповская., О.Жалнина., А.Джиргаланова және «Жылуорталығы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Г.Сарсенбаева, «Су құбыры» мемлекеттік мекемесінің өкілі А.Шестаева қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың қатысуымен кеңес өткізілді

05/08/2016

Өскемен қаласының №2 сотында 2016 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.

Кеңесті Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров, Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі  сот алқасының төрағасы Қ.Чақпантаев, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Елемесов өткізді.

Қылмыстық іс қаралды

05/08/2016

Өскемен қаласының № 2 сотымен ҚР ҚК-нің 191-бабы, 2-бөлігі 1, 2, 3 тармағы бойынша (тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, бiрнеше рет,адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған) Е.Құсаиновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралына жол бермеген

05/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін А.Бейсеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Медиация тәртібімен татуласты

05/08/2016

Риддер қалалық сотымен К.Иванова (аты-жөні өзгертілген) Қазақстан Ркспубликасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлімімен (ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау) жеке айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында кәсіби медиатордың көмегі арқылы сотталушыдан және жәбірленуші «КазЦинкТранс» ЖШС-нің өкіліне сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтінішхат түсті.

Тыим салынған заттарды өткізген

05/08/2016

Сотталғандармен кездесу кезінде, оларға заңмен рұқсат етілмеген заттарды беруге тиым салынған. Бірақ, кей жағдайларда, көрісуге келген туыстары немесе таныстары да осы заң талабын елемей сотталғандар қатарына қосылып жатады.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

05/08/2016

Риддер қалалық сотымен Л.Самсонованың жеке айыптау шағымы бойынша ҚК-нің 108 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды.

Басты сот талқылауы барысында. кәсіби медиатордың  делдалдық етуімен,  жәбірленушінің қорғаушысынан сотталушыны медиация тәртібімен татуласқандықтарына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш түсті.

Риддер қалалық сотында семинар өтті

05/08/2016

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев сот судьялары мен мамандарына медиация үрдістеріне қатысты «Бірінші би - халық, екінші би - тарих» тақырыбында семинар өткізді.

Өз сөзінде Т.Адаспаев, Елбасымыздың соттардың VІ Съезінде қойған міндеттерінің қатарында   -  Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы  сот өндірісіндегі басты мәселелердің бірі ретінде дауды реттеудің баламалы түрлерін енгізу болып табылатынын айтып өтті.