Архив событий

04/08/2016

«Медиация күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

04/08/2016

«Медиация күніне» орай татуластыру рәсімдерінің  тиімділігін түсіндіру мақсатында Глубокое аудандық сотының судьясы А.Болатова «Достық үйі», ішкі саясат өкілдерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен медиация заңының тәжірибеде қолдану аясын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

04/08/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Р.Омаровтың жетекшілігімен медиация заңын тәжірибеде қолдану аясын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Қылмыстық іс тараптардың медияциялық келісімге келіумен қысқартылды

04/08/2016

Зайсан аудандық сотында азамат Ж.Омиртаевқа  қатысты ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша жеке айыптау тәртібімен  қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленуші айыпталушы Ж.Омиртаевтың ұру нәтижесінде өзіне жеңіл дәрежелі дене жарақаты түсіргені үшін оны жеке айыптау тәртібі бойынша ҚК-тің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартуды соттан сұраған.

Сот отырысында Қ.Омарова өзінің жеке айыптауынан тараптардың медиациялық келісімге келуі негізінде бас тартты және бұл келісімге айыпталушы тарап та ерік білдірді.

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен үшін сотталды

04/08/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша (автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан) айыпталушы Д. Балаевқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында Д.Балаев автокөлікті жүргізу барысыңда жол жүру ережелерін бұзып, жаяу жүргіншіні қағып кеткендігі, нәтижесінде жәбірленушіге орташа ауырлықтағы зиян келтіргені  анықталған.

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

04/08/2016

Зырян аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа берілген айыпталушы С.Варнаковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында  Зырян ауданының тұрғыны С.Варнаков жабайы кендірді жинап, кептіріп,  келешекте жеке пайдалануға арнап, өткізу мақсатынсыз иемденіп, сақтағаны анықталған.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылды

04/08/2016

Үржар ауданы №2 сотында К.Хамитовқа қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігімен (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) қозғалған әкімшілік ісі қаралды.

Сотпен анықталғандай, К.Хамитовтың ішкі істер органдарында тіркеуде тұрмаған тегіс ұңғылы қаруды сақтаған.

Әкімшілік іс медиция тәртібімен қысқартылды

04/08/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында А. Құсаиновқа қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) қозғалған әкімшілік іс өндірісі  тараптардың медияциялық келісімге келуімен қысқартылды.

Катон-қарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды әр азамат өзінен бастауы қажет» тақырыбында семинар өтті

04/08/2016

 Катон-Қарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдың-алуды әр азамат өзінен бастауы қажет»  тақырыбында семинар өтті.

Семинарға соттың судьялары мен мамандары, «Күзет» мамандандырылған полиция қызметкерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды болдырмау – аталмыш семинардың басты мақсаты болды.

Қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі шығарылды

04/08/2016

 Зайсан аудандық сотында азаматша Р.Жақыповаға қатысты ҚР ҚК-нің 130-бабы 2-бөлігі бойынша жекеше айыптау тәртібімен қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленуші өзін көпшіліктің көзінше: «қойымды ұрладың» - деп жала жапқаны үшін Р.Жақыпованы жеке айыптау тәртібі ҚР ҚК-тің 130-бабы 2-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тартуды соттан сұраған.

Сот отырысында Р.Жақыпованың жоғарыда аталмыш бапта көзделген қылмысты жасағандығы өз дәлелін тапқан жоқ.

Медиация тәртібінде отбасы сақталды

04/08/2016

Көкпекті аудынының №2 аудандық соты неке бұзу туралы талап-арызымен қозғалған  азаматтық ісі бойынша өндірісті қысқартты.

Судья К.Сапинованың қатысуымен, тараптардың медиациялық келісімді бекіту туралы екіжақты өтініштері - аталмыш істің қысқартылуына негіз болған.

«Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

04/08/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен прокуратура өкілдері Т.Даулетқанов және сот орындаушысы Ж.Зангинованың қатысуымен сот актілерінің уақытылы орындалуында туындайтын қиындықтар мен оны шешудің жолдарын талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.