Архив событий

02/08/2016

Жаңа ақпараттық жүйелер

02/08/2016

Жарма аудандық сотының сот отырысы залында сот отырысы бейне-конференц байланыс арқылы өткізілді.

Сот отырысында Шығыс Қазақстан облысы, ҚАЖД-нің ОВ-156/18 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан  сотталғандардың жазаның түрін жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы, мерзімнен бұрын шартты босату туралы және колония қонысқа ауыстыру туралы қолдаухаттары бойынша 22 қадағалау істері қаралды.

Сот отырысы судьяның, сот отырысының хатшысы, прокурордың және қорғаушының түзеу мекемеге шығуынсыз қаралды.

Сот орындаушыларымен «Сот актілерінің орындалуының барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

02/08/2016

Жарма аудандық сотының судьясы Л.Акалаева «Сот актілерінің орындалуының барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына А.Садуакасова, Шығыс Қазақстан облысы Әділет министрлігінің Шар қаласының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы С.Баядилов, Жарма ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің инспекторы С.Мусанов, кеңсе қызметкері бас маман Д.Ибраимова және сот мамандары қатысты.

Катонқарағай аудандық сотында семинар өткізілді

02/08/2016

Катонқарағай аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Э.Жансұлтанова сот қызметкерлері арасында  ««Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін,  қаулыларды, сот бұйрығын, атқару парақтарын сот орындаушыларына орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді.

Үйден шығару жайлы дау медиация тәртібімен шешілді

02/08/2016

Өскемен қалалық сотында А.Абилованың (тегі өзгертілген) К.Қайратовқа  (тегі өзгертілген) және М.Мұратовқа (тегі өзгертілген) үйден шығару жайлы азаматтық ісі бойынша, медиция тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді.

Азаматтық істі сотта қарауға жауапкерлердің талапкер А.Абилованың меншігіндегі үйінде тұруға бөгет жасағаны негіз болған.

Сотты құрметтемеген тұлғаларға қатысты қаулылар жарияланды

02/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 653 бабының, 1 бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Н.Логиноваға, А.Клоповқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, құқық бұзушылар дәлелді себептерсіз тағайындалған сот мәжілістеріне келмеген, сол үшін сот мәжілістері бұзылып кейінге қалдырылды.

Сот қаулысымен Н.Логинова мен А.Клопов аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оларға  әкімшілік жаза ретінде ескерту тағайындалды.

Қамаққа алу шарасы тағайындалды

02/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 434 бабының, 1 бөлігімен (белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн ұсақ бұзақылық) көзделген құқық бұзушылықты жасаған М.Наумовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істі сотта қарау кезінде, М.Наумовтың қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын жерге тастағаны анықталды.

Медиатор татуластырды

02/08/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының, 1 бөлігімен  (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) К.Акчагановқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ф.Камалов Өскемен қаласының ішкі істер басқармасында семинар-кеңес өткізді

02/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ф.Камалов Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Д.Альсеитовпен бірге Өскемен қаласының ІІБ-да «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жинау барысында процесуалдық талаптардың сақталуы және істің сотқа жолдануы» атты семинар-кеңес өткізді.

Некені бейбіт келісім бекіту арқылы сақтап қалу

02/08/2016

Семей қалалық сотында некені бұзу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келді. Медиатордың қатысуымен реттелген істің шарты бойынша  талапкер некені бұзу туралы арыздан бас тартып, отбасын сақтап қалуы тиіс болды.

Осылайша, медиация отбасылық дауларды шешудегі өзінің нәтижелілігін кезекті рет көрсетті.

Сот ұйғарымымен аталған іс бойынша өндіріс қысқартылды.  

Қарызды өндіріп алу туралы дау бітімгерлік жолмен шешілді

02/08/2016

Семей қалалық сотымен «МЭПС г.Семей» ЖШС-нің А.Туебаеваға қатысты қарызды өндіруге қатысты азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, жауапкер 84 331 теңге қарызын өтеген жағдайда өз арыз талаптарынан бас тартады.

Азаматтық процестік кодексінің 179 бабына сәйкес тараптар кеңесу бөлмесіне соттың шығып кетуіне дейін алғашқы,  апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда дауды медиация тәртібінде реттеуге өтініш білдіруге құқылы. 

Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан өңіріндегі соттардың 2016 жылдың 1-жартыжылдығын қорытындылауға арналған кеңес өтті

02/08/2016

Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың төрағалығымен, азаматтық істер бойынша алқа төрағасының міндетін атқарушы Б.Шарнаеваның, қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы К.Чакпантаевтың қатысуымен өткен кеңесте Шығыс Қазақстан өңірі  соттарының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстары қорытыланды.   

Шараға судьялар мен сот кеңселерінің меңгерушілері қатысты.

Риддер қалалық сотында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша байқау қорытындыланды

02/08/2016

Риддер қалалық  сотында кеңсе мамандарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін анықтау арналған байқау өткізілді.

Шараның мақсаты -  кеңсе мамандарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау және тілді сот қызметінде қолдануға үйрету.