Қарызды өндіріп алу туралы дау бітімгерлік жолмен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотымен «МЭПС г.Семей» ЖШС-нің А.Туебаеваға қатысты қарызды өндіруге қатысты азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, жауапкер 84 331 теңге қарызын өтеген жағдайда өз арыз талаптарынан бас тартады.

Азаматтық процестік кодексінің 179 бабына сәйкес тараптар кеңесу бөлмесіне соттың шығып кетуіне дейін алғашқы,  апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда дауды медиация тәртібінде реттеуге өтініш білдіруге құқылы. 

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды. ҚР Салық Кодексінің 548 бабы бойынша талапкерге төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Ұйғарым  заңды күшіне енді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі