Архив событий

12/08/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында медиация тәртібімен төрт азаматтық іс қысқартылды

12/08/2016

Тарбағатай аудандық өндірістік телекоммуникация торабы жауапкерлер Е.Мустафиннен, Қ.Алибаевтан, А.Қожахметовадан, Б.Идришовтардан берешек сомманы өндіру туралы талап арызбен Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотына  жүгінген.

Істі сот талқылауына дайындық кезінде тараптар  сотқа дауды медиация тәртібінде  реттеу туралы жасалған медиациялық келісімді  бекіту туралы өтінішпен жүгінді.

Соттың  ұйғарымымен тараптардың арасында медиациялық келісімнің бекітілуіне байланысты азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Үржар ауданының № 2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

12/08/2016

Үржар ауданының №2 сотында азаматтардың сот жұмысын ұйымдастыру тәртібімен таныстыру үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы К.Конкаев елімізде жүргізіліп жатқан сот реформалары туралы баяндап, келушілердің  сұрақтарына жауап берді. Сот кеңсесінің меңгерушісі Г.Ибраева  талап-арыздарды жаңа технологияны қолдану арқылы жіберу тәртібін түсіндіріп, іс жүзінде  талап-арызды  «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберу тәртібін көрсетті.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында көлігін алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

12/08/2016

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында,  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен О.Сариповке қатысты әкімшілік іс  қарады.

Іс  материалдарынан, О.Сарипов өзінің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра автокөлігін алкогольдік ішімдік ішіп масаң күйінде басқарып келе жатып жылқы малын қағып жол-көлік оқиғасын жасаған.  Ол осы әрекетімен  жол жүрісі қағидасының 2.4.1 және 2.4.2 тармағын өрескел бұзған.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

12/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.Смирновқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, А.Смирнов өзінің басқаруындағы көлік құралымен қозғалыс кезінде төрт жолақты екі жақты бағытқа қозғалуға арналған жолда, жол жүру бөлігінің қарама-қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, сол бойымен қозғалған.  

Неке медиация тәртібімен сақталды

12/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талап арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ төрт балаларының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, ортақ мүлікке даулары жоқ екенін көрсетіп, некелерін бұзуды сұраған.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

12/08/2016

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы А.Әли жүргізді.

Брифингте сот төрағасы А.Әли ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған Л.Жұрынтаевтың қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Билік өкiлiн қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

12/08/2016

Тарбағатай аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 378 бабы, 1 бөлігімен (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау) сотталушы Р.Шитеновқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат Р.Шитенов ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерін қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде қойған заңды талабына қасақана бағынбай, балағаттап ар-намысына тиетін сөздер айтып қорлағаны анықталды.

Бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

12/08/2016

Тарбағатай аудандық сотымен қылмыстық атқару инспекциясының бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

Сотта, азамат Е.Байжокин ҚК-нің  178 бабы, 2 бөлігі, «а,в» тармақтарымен 3 жыл, 5 ай, 24 күнге бас бостандығынан шектеуге сотталғаны және оған пробациялық бақылау белгіленгені, алай-да жаза мерзімі өтпей жатып қоғамдық  орында спирттік ішімдік ішкені үшін екі рет әкімшілік жазаға тартылғаны, соңғы рет  тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде үйінде болмағаны анықталды.

Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

12/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Ивановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын анасына қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, балағаттаған. Сотта тараптар өзара татуласып, медиациялық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарған

12/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  азамат К.Ажибековқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан, К.Ажибеков автокөлікті  алкогольдік масаң  күйде жүргізген.

Тарбағатай аудандық сотында бір күнде бес азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

12/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында малдың құнын өндіру туралы бес азаматтық іс қаралды.

Сот отырыстарында талапкерлер жауапкер К.Мажиреновқа малдарын бағуға сеніп тапсырғанын, уақытылы ақшасын төлеп отырғанын, алай-да жауапкер сеніп тапсырылған малдарды талан-таражға салғанын, өзінің осы әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, малдың құнын өндіру үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінгенін, соттан жауапкерден малдың құнын, заң көмегіне жұмсалған ақшаны және мемлекеттік бажға төлеген шығындарды өндіруді сұраған.

Сот сирек кездесетін өсімдікті жойғаны үшін азаматтың бостандығын шектеді

12/08/2016

Риддер қалалық сотымен ҚК 339-бабымен (сирек кездесетін және жойылу қауіпіндегі өсімдік түрлерімен, олардың бөліктерімен не дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер жасау) О.Томинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан, сотталушы О.Томин «Пихтовое орман шаруашылығы» КММ-нің  аумағында  құрып кету каупіндегі  «Ұсақторлы жуа» өсімдігінің 17 данасын  заңсыз түрде  жинап, шаруашылыққа 18 029 теңге зиян келтіріп, табиғат қорғау полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Шартты түрде сотталды

12/08/2016

ШҚО Зырян аудандық сотымен ҚК 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен (өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру, ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер) С.Молчановаға қатысты қылмыстық іс қаралды

Катон-қарағай ауданының № 2 сотында «Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

12/08/2016

Катон-қарағай ауданының №2 сотында  «Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Катон-Карағай ауданының № 2 сотының судьясы Г.Күдербаева, кәсіби емес медиаторлар Т.Құсаинов, М.Көбешов, Т.Сахариянов, жеке кәсіпкерлер К.Камчинова, Г.Кабулова, Б.Тиманова, Г.Назырбаева, М.Кешилбаева, Т.Бакимбаев қатысты.

Алкогольдік өнімді өткізу жөніндегі заң талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылды

12/08/2016

Үржар ауданынвң № 2 сотында ӘҚБтК 200-бабының 1-бөлігі (алкоголь өнімін өткізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзу) бойынша С.Құмғанбаеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай сауда дүкенінің сатушысы С.Құмғанбаева  түнгі сағат 23-тен кейін сатып алушыға алкоголь өнімін сатқан,  яғни  ӘҚБтК 200-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Өскемен қалалық сотының ұжымына жаңа Кеңсе меңгерушісі таныстырылды

12/08/2016

Өскемен қалалық сотының төрағасы м.а. А.Володкина Өскемен қалалық  сотының ұжымына жаңа Кеңсе меңгерушісін таныстырды.  

Сот саласында 10 жылдан астам тәжірбиесі бар Амангельды Анара Асланқызы Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің бұйрығымен Өскемен қалалық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Көлік басқару құқығынан айырылған азамат автокөлікті масаң күйде жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

12/08/2016

Тарбағатай аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотталушы Н.Мұқашевке қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат Н.Мұқашев алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылған бола тұра, әкімшілік жаза мерзімі аяқталмай жатып қайталай көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Кәсіби емес медиатордың қатысуымен ерлі-зайыптылар татуласты

12/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында  кәсіби емес медиатор Ж.Маханованың қатысуымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1- бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат М.Байгаринға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жүргізуші үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

12/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 бабы 1 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша азамат Р.Майлыбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Р.Майлыбаев  автокөлігін алкогольдік  масаң  күйінде басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Жол апатынан келген шығынды өндіру жайлы дау медиция тәртібімен шешілді

12/08/2016

 Өскемен қалалық сотында жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алған, нәтижесінде талапкерге 244 101 теңге мөлшерінде материалдық шығын келген.

Есірткілік масаң күйде автокөлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айрылды

12/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған А.Шевляковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Белгіленген жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды

12/08/2016

Катонқарағай ауданының № 2 соты ӘКБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша А.Елтаеваға қатысты  әкімшілік істі қарады.