Архив событий

25/08/2016

«Әкімшілік іс жүргізу тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

25/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотының судьясы Ғ.Валиев Семей қаласының ІІБ-ның ғимаратында Семей қаласының ІІД жол-потрульдік полиция батальонының, ШҚО ІІД-нің жол-потрульдік полиция ротасының жеке құрамымен «әкімшілік іс жүргізу тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру» тақырыбыңда семинар сабағын өткізді.

Азаматтық істер оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен аяқталды

25/08/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 5 азаматтық іс қаралып аяқталды.   

АПК  азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін соттың тиімді қорғауына бағытталып, дауларды қарастыру  және шешу сапасын тездетеді. Сот ісін жүргізуді жеңілдету мақсатында қысқартылған өндірістің жаңа түрі - оңайлатылған (жазбаша) іс-жүргізу тәртібі енгізілген.

Шетелдiк азамат Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

25/08/2016

 «Бақты» кеден бекетінде құжаттарды  тексеру барысыңда, ҚХР азаматы іс-сапарға алынған визасы негізінде Қазақстан Республикасының аумағына келіп,  көші-қон карточкасына көрсетілген уақыт шегінен шыққанына қарамастан ел аумағынан шығудан жалтарған.

Сот мәжілісінде құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, іс-әрекетіне өкінішін білдірді.

Сот А.Шавулиетиді  ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 2  тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Ата Заңымыз – мемлекеттің қарқынды дамуының құқықтық негізі» тақырыбында конференция өтті

25/08/2016

Конституция күніне орай Күршім ауданының № 2 сотымен Теректі ауылдық кітапханасында мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата Заңымыз – мемлекеттің қарқынды дамуының құқықтық негізі» тақырыбында конференция өткізілді.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

25/08/2016

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында берешек сомманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер  К.Ибраева  жауапкер Н.Матыжановадан берешек сомманы өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Талап арызында жауапкер қолхатпен өзінен 12 000 теңге ақша қаражатына сауда жасап бір айдың ішінде қарызын қайтарауға міндеттеме алған, алайда қарыз соммасын  қайтармай, өз міндеттемесін орындамай отырғандықтан берешек сомманы өндіруін сұраған.

Жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді

25/08/2016

Күршім аудандық сотында мемлекеттік органдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында «Ашық есік» күні өтті.

Ашық есік күніне Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған жастар қатысты.

Қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

25/08/2016

Семей қалалық сотында «Бостан» ЖШС-нің С.Тасболатоваға берген 213 224 теңге қарызды өндіру туралы талап-арызбен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, оның шарты бойынша жауапкер «Бостан» жауапкершілігі шектелуі серіктестікке әр айдың 15 жұлдызынан кешіктірмей 18 000 теңгеден, 187 224 теңге толық өндірілгенше төлеп отырады, ал талапкер талап-арызынан бас тартады.

Катонқарағай аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

25/08/2016

Катонқарағай аудандық сотында Д.Нұғымановқа қатысты  ҚК 106-бабы, 1-тармағы бойынша берілген қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауында барысыңда анықталғандай, жәбірленушімен  бірге спирттік ішімдік ішу барысында пайда болған сөзге келіспеушілік кезінде, сотталушы  жәбірленушінің  денесіне жұдырығымен бірнеше рет соққы жасаған, нәтижесінде жәбірленуші дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарған

25/08/2016

Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша С.Бляловқа   қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберілді

25/08/2016

Үржар №2 аудандық сотында «Үржар аудандық ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нің А.Жақашевты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымға жолдау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.                                                 

Сотта істі қарау барысында, А.Жақашевтың спирттік ішімдікті жиі қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзатындығы және  нарколог есебінде тұратындығы, оған қоса алдын алу үшін жүргізілетін әңгімелерге мән бермейтінтігі анықталды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

25/08/2016

Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) бойынша Ж.Еженовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында тараптардың араларындағы некені бұзу туралы іс медиация тәртібімен тоқтатылды

25/08/2016

Тарбағатай ауданның №2 аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер М. сотқа неке бұзу туралы талап арызымен жүгініп, өз талап арызында, жауапкермен заңды некеге отырғандарын, ортақ некеден кәмелеттік жасқа толмаған бір балалары бар екендігін, қазіргі таңда жауапкермен мінездері жараспауларына байланысты бұдан әрі отбасын сақтап қалуға мүмкіндіктері жоқ екендігін көрсетіп, соттан жауапкер екеуінің арасындағы заңды некені бұзуды сұраған.

«Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

25/08/2016

Жарма аудандық сотының судьясы А.Сәдуақасова Жарма аудандық аудандық ІІБ, пробация қызметінің қызметкерлері, судьялар, сот кеңсесінің меңгерушісі және адвокаттардың қатысуымен, «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Семинар сабақтың негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар, осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы семинар сабағына қатысушыларға айтып жеткізу.

Медиатор бір отбасын сақтады

25/08/2016

Үржар аудандық сотымен неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, тараптар ортақ некеде 2012 жылдан бастап тұрады, мінездері сәйкес келмегендіктен және жауапкер жиі ұрыс-керіс шығарып, қол жұмсайтындықтан  талапкердің жанұяны сақтау мүмкін емес деген шешімге келген.

Семей қалалық соты тұрғын үйді пайдалану шығындарын өндірді

25/08/2016

Семей қалалық сотымен тұрғын үйді пайдалану шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа жүгінген «Иртыш» ПИК-і  Г. Гончаренкода  тұрғын үйді пайдалану шығындарын өтеу тәртібі бойынша 46 722 теңге берешегі бар екендігін көрсеткен.

Семей қалалық соты әкелікті анықтауды қанағаттандырудан бас тартты

25/08/2016

Семей қалалық сотымен әкелікті анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа жүгінген Р.Бахтарова азаматтық некеден С.Дүйсенбиннен туған кәмелеттік жасқа толмаған қызына байланысты әкелікті анықтау туралы өтінішпен жүгініп, жауапкердің өз еркімен әкелікті танудан бас тартып, балаға материалдық көмек көрсетпей жүргенін жеткізген.