Архив событий

24/08/2016

Әкімшілік іс медиациялық келісім негізінде тоқтатылды

24/08/2016

Жарма аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі бойынша (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша Д.Алимғожинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

24/08/2016

Бесқарағай аудандық сотында З.Шұбарованың Н.Жанналинға некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, 2015 жылдың тамыз айынан бастап талапкер жауапкерден бөлек тұрады және осы некеден үш балалары бар. Талапкер күйеуімен үнемі қызғанушылықтың кесірінен бірге тұра алмайтындығын баяндаған.                                                                                        

«Қазақстан Республикасының Конституциясы талап беру құқығының негізі ретінде» тақырыбында семинар өтті

24/08/2016

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өту қарсаңында Глубокое аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Ж.Қасенова сот мамандарымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы талап беру құқығының негізі ретінде» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Ж.Касенова қатысушыларға процессуалдық қызметті анықтайтын жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіненгендігін, олар азаматтық іс жүргізу барысында жүзеге асырылатын әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларды құрайтынын түсіндірді.  

«Істерді оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24/08/2016

Глубокое аудандық сотында «Істерді оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының м.а. Б.Әміров, кеңсе меңгерушісі Ж. Қасенова, АІІБ және прокуратура қызметкерлері, адвокаттар мен мемлекеттік мекемелердің заңгерлері қатысты.

Жол полиция қызметкерлеріне заңсыз сыйақы бергенi үшін әкімшілік жауапқа тартылды

24/08/2016

ШҚО Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 676-бабы (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi) бойынша соты Е.Жақыповқа қатысты әкімшілік істі қарады. 

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы  жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы толтырмау үшін жол-патрульдык полиция батальонының  полицейіне 700 теңге көлемінде заңсыз сыйақы ұсынып, ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.  

Мүлікке жеке құқықығын мойындау туралы дау бейбіт жолмен шешілді

24/08/2016

Глубокое аудандық сотына талапкер О.Полтаранина Ю.Қабаеваға мүлікке жеке құқықығын мойындау туралы талап-арызымен жүгінді. Өз арызында жауапкердің әкесі П.Брагинмен некеде тұрған кезде ол өзіне жер телімін алып, ол жерге тұрғын үй салынғанын көрсетіп жазған. Жауапкер аталған мүлікті рәсімдеген кезде ешқандай қатысы болмаған, әкесінің тірі кезінде наразылық білдірмеген.

Сот актісін орындаудан жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

24/08/2016

Ұлан ауданының № 2 сотында ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  бойынша К.Акименкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Сотта анықталғандай, сот шешімімен құқықбұзушыдан алимент өндірілуі тиіс болған. Алайда, алимент қарызы бола тұра, борышкер сот актісін өз еркімен орындаудан жалтарған.

Отбасы-тұрмыстық жанжал медиация тәртібінде реттелді

24/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ӘҚБтК-нің  73-бабы 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат А.Эйгензеерға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында  анықталғандай, құқық бұзушы үйде бола тұра жанжал шығарып, өзімен бірге тұратын зайыбына балағат сөздер айтып, оған сыйламаушылық көрсеткен.

Істі қарау барысында, тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  тараптардың татуласуына байланысты  соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Халықаралық пактіні қолдану арқылы әкімшілік іс қаралды

24/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Тәжікстан Республикасы азаматына қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы, 5-бөлігі  (еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік ісін қарады.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

24/08/2016

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша  А.Ивановқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта анықтағандай, құқықбұзушы есірткілік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша, ол Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Орманды заңсыз кескені үшін сотталды

24/08/2016

Риддер қалалық сотымен Н.Замятинды  ҚК 361-бабы 1-бөлігі, 364-бабы 1-бөлігі, 369-бабы 1-бөлігі, 340-бабы 3-тармағы 1.2-бөліктері ( қызметтік лауазымын пайдалана отырып, бірнеше рет қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, қызметтік  жалғандау, орман қорына кіретін ағаштарды заңсыз кесу) айыптайтын және С.Исановқа қатысты  ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 361-бабы 1-бөлігі,  340-бабы 3-бөлігі 1,2-тармағы (қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануға көмектесу, орман қорына кіретін ағаштарды заңсыз кесу)  айыптайтын қылмыстық іс қаралды.

Туыстық араластық сотпен анықталды

24/08/2016

Риддер қалалық соты Г.Семиханованың арызы бойынша қайтыс болған тұлғамен туыстық араластық фактісін анықтау бойынша азаматтық істі қарады.

Істі қарау барысында анықталғандай, талапкердің туған ағасы  «Риддер қалалық психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемесі» КММ-де қайтыс болған. Мұрагерлікті қабылдау мерзімін рәсімдеу кезінде қайтыс болғанның тууы туралы куәлігінде ата-анасының аты-жөні тіркеу органдарымен дұрыс жазылмағаны анықталған.

Сот 5 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады

24/08/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша А.Аверкинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқықбұзушы «мерзімінен бұрын шартты босатылғандар» тізімінде тұрғандықтан тұрғылықты мекені бойынша тексеру кезінде үйінде болмаған, яғни Қарағанды облысының Абай аудандық сотының қаулысын орындамағаны анықталды.

Бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

24/08/2016

Зырян аудандық соты аудандық пробация қызметінің сотталған А.Черепановқа қатысты  тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Сот бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

24/08/2016

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша Э.Куприяновқа қатысты әкімшілік ісі қарады.

Сот анықтағандай, құқықбұзушы жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осы әрекетімен, құқықбұзушы Жол жүрісі қағидаларының 9-бөлімнің  2-тармағының талаптарын бұзған.

Өскемен қаласыңың тұрғыны масаң күйінде көлікті жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

24/08/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚҚ-нің 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша О. Қожановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, сотталушы көлік құралын басқару кұқығынан айырылғандығына қарамастан, көлік құралын мас күйінде жүргізу барысында ағашқа соғылған.

Ресей Федерациясының азаматына еліміздің халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды

24/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабы, 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  бойынша Ресей Федерациясының азаматы П.Клестерге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мас жүргізуші сот алдында жауап берді

24/08/2016

Зырян аудандық сотында ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) бойынша А.Гуровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

24/08/2016

Зырян  аудандық соты ҚК-нің 340-бабы 1-бөлігі (орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау)  бойынша Н.Блиноваға  қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс-материалдарына сәйкес, «Зырян қаласының әкімшілігінің Аппараты» ММ-не тиесілі жерде өскен, орман шаруашылығы қорына кірмейтін  пәтерінің терезесі алдында өскен «Шырша» тектес екі ағашты  сотталушы екі ер адамды жалдап, қол ара көмегімен заңсыз кескен, осы әрекетімен ол мемлекетке жалпы соммасы 1 825 теңге көлемде зиян келтірген.