Архив событий

22/08/2016

Семей қалалық сотының судьялары мен мамандары спорт күніне арналған велошеруге белсенді қатысты

22/08/2016

 «Спорт күнін» тойлау қарсанында  Семей қалалық сотының судьялары мен мамандары Семей қаласының «Деңе шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-мен ұйымдастырылған велошеруге белсенді қатысты. Велошерудің салтанатты ашылу рәсімі сағат 15.00 де басталды. Велошеруді Семей қаласының «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы» ММ-нің басшысы М.Куржикаев ашты.

Велошеру М.Әуезов даңғылында басталып, Полковничий аралындағы Бейбітшілік стелласында аяқталды. Бағыттың ұзындығы 6 км болды және 200-ге астам велосипедшілер қатысты.

Курчатов қалалық сотында әкімшілік іс қаралды

22/08/2016

Курчатов қалалық сотында  ӘҚБтК-нің  73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша В. Петровқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс-материалдарыан сәйкес, құқық бұзушы өз пәтерінде бола тұра, анасымен жанжал шығарып, оған қатысты балағат сөздер айтқан.

Тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

22/08/2016

Глубокое аудандық соты ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы,  188-бабы 2-бөлігі, 2,3-тармақтары, 24-бабы 3-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру - бiрнеше рет; тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен; қылмысқа оқталу, яғни қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса) бойынша А.Рынкқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Халықаралық пактіні қолдану арқылы әкімшілік іс қаралды

22/08/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабы, 6-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша Д.Тотминға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқару құқығынсыз автокөлік жүргізген.

Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

22/08/2016

Курчатов қалалық сотында ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша Г.Каменскаяға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы 2015 жылғы қараша айында жәбірленушінің пәтерінен, еркін түрде кіру арқылы, жасырын түрде 1600 АҚШ долларын ұрлаған.

Сот отырысы барысында, сотталушы мен жәбірленуші медатордың қатысуымен медиация тәртібінде татуласқандарын айтып, іс бойынша өндірісті қысқартуларын сұрады.

Автокөлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізген

22/08/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша   В. Жуковқа қатысты әкімшілік  ісі қаралды. 

Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы автокөлік құралын орта дәрежелі алкогольдік масаң  күйде жүргізген.

Отбасы-тұрмыстық жанжал медиация тәртібінде реттелді

22/08/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын-жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша В.Яковлевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.