Архив событий

29/08/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

29/08/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясының 21-жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының  төрағасы Д.С.Әміров, облыстық соттың, қалалық және аудандық соттардың судьялары,  кеңсе басшылығы мен қызметкерлері, облыстық соттың отставкадағы судьялары мен ардагерлері қатысты.

Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

29/08/2016

Күршім ауданының № 2 сотының ұйымдастыруымен мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 21 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында сот төрағасы және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері баяндамалар оқыды.

Өз баяндамасында сот төрағасы мемлекетіміздегі конституциялық құқықтың қалыптасу сатыларына тоқталып, Негізгі Заңымыздың қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және мемлекеттіміздің қарқынды дамуындағы ерекше рөлін атап өтті.

Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар өткізілді

29/08/2016

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының мәжіліс-залында сот төрағасының төрағалық етуімен «Конституция – азаматтардың бостандығы мен құқықтарының сақталуының кепілі, елдің тұрақты дамуының негізі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, кеңсе меңгерушісі және мамандары қатысты.

Өскемен қаласының № 2 сотында Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді

29/08/2016

Мемлекеттік мереке қарсанында - Казақстан Республикасының Конституция күніне 21 жыл толу мерекесімен  Өскемен қаласының № 2 сотының төрағасының м.а. Қасымов К. салтанатты жиында сот ұжымын құттықтап, Конституция – елдің барлық саласындағы: саясат, экономика, әлеуметтік саладағы жетістіктердің, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудің берік құқықтық іргетасы болып табылатынын және адамның өмiрi мен бостандықтары ең қымбат қазына болып саналатын қазақстандық заңнамалық құндылықтар жүйесін қалыптастырды және бекітіп бергендігін атап өтті.

Конституция күні орай салтанатты жиын өткізілді

29/08/2016

Өскемен қалалық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясына 21-жылдығына орай мерекелік коцерт өткізілді.

Өскемен қалалық сотының төрағасы  Б.Тайтөлеуов,  Өскемен қалалық сотының ардагерлері Н.Колесникованы, С.Құмарованы және Өскемен қалалық сотының мамандарын құттықтап, оларға зор денсаулық, еңбектеріне табыс тіледі.

Шара барысында сот мамандары Ф.Бабашқа, М.Нәсіпқазыға, Г.Баяхметоваға, С.Досумаваға арнайы алғыс хаттар тапсырды.

 

Глубокое аудандық сотында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

29/08/2016

Глубокое аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясының 21 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасының м.а. Б.Әміров қатысушыларды алдағы Конституция күні мерекесімен құттықтап, бұл мереке біздің  еліміз және әр-бір азамат үшін сот жүйесі үшін айрықша маңызға ие екендігін айтып өтті. Конституцияның негізін құрайтын принциптерде әділ сот төрелігін жүргізу, азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ететін соттардың қызметі белгіленгендігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді

29/08/2016

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Самар ауылдық оқругінің әкімдігінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдардың және мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен ауыл тұрғындары шақырылды.

30 тамыз – Конституция күні

29/08/2016

Курчатов қалалық сотының төрағасы Б.Абылкасимов Курчатов қалалық сотының судьялары мен кеңсе мамандарын Конституция күні меркесімен құттықтады.

 Сот төрағасы Конституцияның тарихымен таныстырып өтіп, еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1995 жылы 30 тамызында қабылданған қазіргі Ата заңымыз қолданылып келе жатқанын айтты. Еліміздің Ата Заңы адам мен азаматтың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі екенін атап өтті.

36 миллион теңгені өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

29/08/2016

Өскемен қалалық сотының өндірісінде «ForteBank» АҚ-ның жеке кәсіпкер Я-ға 36 487 827 теңге көлеміндегі қарызды өндіру және оны мүліктен өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысыңда тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келесімге келген. Оның шарттары бойынша, жауапкер белгіленген уақытта банк алдыңдағы 36 487 827 теңге көлеміндегі қарызын өтеуге, өтелмеген жағдайда – банкке кепілдіктегі барлық жылжымайтын мүлкін өткізуге міндеттеледі.

«Сот кабинеті» – баршаға қол жетімді

29/08/2016

Ұлан аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Н.Қисықова «Сот кабинеті» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.

Аталған семинарлық сабаққа Ұлан аудандық сотының мамандары, «Жемчужина» ПИК-нің заңгері және Ұлан аудандық әкімдігінің заңгері қатысты.  

Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

29/08/2016

Ұлан аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасау) бойынша Д. Дәуреновке қатысты әкімішілік іс қаралды.

Іс-материалдарынан анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйде, өзінің жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, үй ішінде жанжал шығара отырып, өзімен бірге отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста тұрған тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібінде татуласулары туралы арызын ұсынды.

Залалды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

29/08/2016

Өскемен қалалық сотының өндірісінде азаматша В-ның азамат С-ға пәтерді су басудың салдарынан келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс-материалдарымен анықталғандай, жауапкердің кінәсінен талапкердің пәтерін су басып, оған 130 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген. Соттық құрылыс-тауартану сараптамасының қорытындысына сәйкес, келтірілген залал сомасы расталды.

Бұлтартпау шарасы заңды деп танылды

29/08/2016

ШҚО Риддер қалалық сотының тергеу судьясымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық бөлімінің тергеушісінің ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы (бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иемдену арқылы ұрлау) бойынша О.Снимщиковаға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдаудың негізділігін қарау туралы өтінішхаты қаралды.