Архив событий

11/08/2016

Ағаштарды заңсыз кескені үшін жауапкершілікке тартылды

11/08/2016

Катонқарағай  аудандық соты ҚК-тің 340-бабының 1-бөлігімен (орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау)  жауапкершілік қарастырылған азамат Т.Ганинге  қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, «ШҚО Катонқарағай ауданының Жаңа Полякова ауылдық әкімшілігінің Аппараты» ММ-не тиесілі жерде өскен, орман шаруашылығы қорына кірмейтін  «Көктерек» тектес алты ағашты  сотталған қол ара мен балтаның көмегімен заңсыз кескен, осы әрекетімен ол мемлекетке жалпы соммасы 10 796 теңге көлемде зиян келтірген.

Медиатордың қатысуымен іс бойынша өндіріс қысқартылды

11/08/2016

Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) азамат М. Байшеновқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Глубокое аудандық соты азаматты жұмысқа қайта орналастырды

11/08/2016

Глубокое аудандық сотында талапкер Н.Лукиннің жауапкер «Снежный альбион» ЖШС-не жұмысқа қайта орналусу және еріксіз бос жүрген күндері үшін жалақысын өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында жауапкердің  тарапынан еңбек заңнамасы бұзылғаны анықталды.

Сот шешімімен Н.Лукин аға қарауыл бақылаушы лауазымына жұмысқа  қайта орналастырылып, оның пайдасына еріксіз босатқан күндері үшін жалақысы өндірілді.

Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

11/08/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен  жеке айыптаушы Л.Алжанованың жеке шағымы бойынша жеке айыптау тәртібімен ҚР ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық іс қаралды (ұрып-соғу).

Жәбірленуші өзінің жеке шағымында айыпталушы Г.Нүрпеисованың оған балағат сөздер айтып, қолынан ұрып жібергенін көрсеткен. Осыған байланысты Г.Нүрпеисованы ҚР ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сотқа шағым түсірген.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

11/08/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен азамат Л.Журунтаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Л.Журунтаев масаң күйінде  өзінің інісі екеуі өзара сөзге келіп қалып, сол жерде төбелес барысында інісін пышақпен екі рет ұрған, осы әрекетімен жәбірленушінің денсаулығына  қасақана ауыр зиян келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Іс бойынша өндіріс медиация тәртібінде қысқартылды

11/08/2016

Ұлан ауданының № 2 сотымен ӘҚБтК 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған В. Шпакқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, В. Шпак алкогольдік масаң күйінде  жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқан және өзінің осы әрекетімен ол ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жүзеге асырған.

Әкелік дауы медиация тәртібімен реттелді

11/08/2016

Риддер қалалық сотымен талапкер А.Абакумовтың жауапкер  В. Абакумоваға әкелікті даулау туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы бірлескен арызбен жүгінді. Оның шарттары бойынша талапкер баланы асырауға келіседі және балаға қатысты әкелікті даулау туралы талаптарынан бас тартады. 

Жауапкер өз кезегінде талапкерден алимент өндіруден бас тартады.

Тұрғын үйді босату жөніндегі дау медиация тәртібімен шешілді

11/08/2016

Семей қалалық сотымен талапкер Г.Файзулаеваның жауапкер  С.Вихоревке тұрғын үйден шығару туралы талап-арызына қатысты азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация бойынша реттеу туралы келісімге келіп, оны сотқа ұсынған. Медиатордың қатысуымен реттелген келісімнің шарты бойынша  жауапкер мүлікке материалдық шығын  келтірместен, 2016 жылдың 31 тамызына дейін тұрғын үйді босатуға міндеттелген болса, талапкер талап-арыздағы талаптарынан бас тартқан.

Осы негізде іс бойынша өндіріс қысқартылған.  

Аса iрi мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында сақтаған

11/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі 2, 3-тармақтарымен (бірнеше рет, аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және өткізу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін  айыпталған А. Феофановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

11/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 596-бабының, 3-бөлігі (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша  А. Ағаділге  қатысты әкімшілік ісін қарады.

Сотта анықталғандай,  А. Ағаділ «Daewoo Nexia» маркалы автоқөлігін  басқарып келе жатып, жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып кетіп, көлігін жүргізген.  

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

11/08/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны   үшін жауапқа тартылған В.Миллерға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, В.Миллер масаң күйінде үйде жанжал шығарып, өзінің қызына былапыт сөздер айтып, қорқытқан. Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.

Алкогольдік масаң күйінде автокөлік басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

11/08/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында А.Байбосыновқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) қозғалған әкімшілік іс қаралды.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

11/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған тақырып бойынша судья А.Сейлгазинова сөз сөйледі. Барлық қатысушылардың назарына мемлекеттік сатып алуға біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындысы бойынша анықталған әлеуетті өнім берушілер қатысатыны айтылды.