Архив событий

19/08/2016

Медиация кабинетінде кезекті «дөңгелек үстел» өтті

19/08/2016

Таврия ауылдық округі әкімдік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде  «Дауды сотқа дейін жеткізбеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Аринова, Таврия ауылдық округінің әкімі Д.Уахитов,  кәсіби емес медиатор Ш.Утепов, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары  қатысты.

Сот шешімімен маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жолданды

19/08/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Катонқарағай ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нің Қ.Қыдыровты  маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымға жолдау туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.  

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

19/08/2016

Аягөз аудандық  сотында ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша Ш.Тоқтағановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарудағы қозғалыс кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталып, алкогольдік масаңдылық дәрежесі бойынша куәландырудан өткізілген.

Азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

19/08/2016

Аягөз аудандық сотында З.Сарсекееваның Н.Жанұзақовқа некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, 2015 жылдың тамыз айынан бастап талапкер жауапкерден бөлек тұрады және осы некеден алты балалары бар. Талапкер некелік  жолдасымен үнемі қызғанушылықтың кесірінен бірге тұра алмайтындығын баяндаған.

Сот отырысында, тараптар өзара татуласып, медиативтік келісімге келгендіктерін айтқан.

«Ата Заңым - айбыным» тақырыбында брифинг өтті

19/08/2016

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров «Ата Заңым - айбыным» тақырыбында  БАҚ өкілдерінің қатысуымен  брифинг өткізді.

Брифинг барысыңда, төраға Тәуелсіз еліміздің алғашқы Конституциясын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, ал қазіргі қызмет етуші Конституцияны бүкілхалықтық референдумда қабылданғанын атап өтті, егеменді еліміздің алғашқы және қазіргі қызмет етуші Конституциясының айырмашылықтарын баяндады. Сонымен қатар, Конституциядағы соттар қызметіне байланысты қамтылған нормаларға енгізілген өзгерістер туралы айтты. 

Медиацияны қолданумен азаматтық іс қаралды

19/08/2016

Риддер қалалық сотымен  Н.Лебедеваның Н.Лебедевке некені бұзу туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу бойынша келісімді бекіту туралы арыз түсті. Оның шарттары бойынша,  тараптар татуласып, некені бұзбау туралы ортақ шешім қабылдағандықтан, азаматтық іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Медиатор тараптарды татуластырды

19/08/2016

Үржар аудандық сотында ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы (ұрлық, яғни тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша Д.Нұрсеитовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысы барысында жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық залалды сотталушы толықтай өтегенін және өздері медиатордың қатысуымен татуласқандарын баяндап, қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартуды сұраған.

Қылмыстық іс тараптардың медиатордың қатысуымен татуласқандарына байланысты қысқартылды.

Алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарған

19/08/2016

Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608 бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша М.Маякуповқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

 Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы  көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Тараптар сотта татуласты

19/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша В.Николаевқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы өз үйінде алкогольдік масаң күйде өзімен бірге тұратын азаматшаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтқан.

Сотта тараптар өзара татуласып, медиациялық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

19/08/2016

ШҚО Бесқарағай аудандық соты  ӘҚБтК-нің 434-бабын 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша К.Семеновқа  қатысты әкімшілік ісін қарады.                                      

Алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырылды

19/08/2016

Бесқарағай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару)  бойынша А.Шушаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/08/2016

ШҚО Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-тармағы (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша С.Күрпешевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Айналасындағыларды сыйламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/08/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша К. Жұмагұловқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы алкогольдік масаң күйінде былапат сөздер айтқан, ескерту жасаған кезде Н.Садуовқа да былапат сөздерін жалғастырған, бұл әрекетімен ол айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған.

Сотта құқық бұзушы  кінәсін мойындап, өкінетінін көрсетті.

Жаза түрі алмастырылды

19/08/2016

Риддер қалалық сотымен ШҚО бойынша ҚАЖД Риддер қалалық пробация қызметінің сотталған есепте тұрған В.Долдахановқа бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру туралы ұсынысы қаралды.

«Атқару парағының түпнұсқасын беру» тақырыбында семинар өткізілді

19/08/2016

ШҚО Глубокое аудандық сотында жаңадан тағайындалған кеңсе меңгерушісі Ж.Касенованы  ұжыммен таныстырылды.     

Таныстырудан кейін кеңсе меңгерушісі «Атқару парағының түпнұсқасын беру» тақырыбында семинар өткізді.

Ж.Касенова, арызданушының атқару парағының көшірмесін беру туралы арызы сотпен қанағаттандырылғаннан соң, атқару парақтары  электронды түрде сот орындаушылар палатасына орындауға жолданатынын баяндады.

Медиацияның көмегімен әкімшілік іс қысқартылды

19/08/2016

Ұлан аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-ші бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша  А. Разбековқа қатысты әкімшілік іс медиацияның көмегімен қысқартылды.

Екі жәбірленушінің денсаулығына жеңіл жарақат келтірді

19/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  610-бабы, 2-бөлігі (жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылық) бойынша О.Бейсенбековқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Неке бұзу туралы талап қанағаттандырылды

19/08/2016

Зырян  аудандық сотында С.Вельцтің А.Вельцпен араларындағы заңды некені бұзуды және кәмелетке толмаған баласына алимент өндіру туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот мәжілісінде талапкер сотқа талап-арыз беріп, жауапкермен заңды некеге тұрғанын көрсеткен. Жауапкер отбасына көңіл бөлмей, материалдық көмек көрсетпеген. Осы некеден жасы кәмелетке толмаған бір балалары  бар, бала өзінің асырауында және тәрбиеленуінде екенін баяндап, араларындағы некені бұзуды және кәмелетке толмаған баласына алимент өндіруді сұраған.

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

19/08/2016

Зырян  аудандық соты өндіріп алушы «Зырян ауданы-Зырян қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкер Т.Нағыбаевтан көлік салығы бойынша берешегін өндіру туралы  арызы бойынша  азаматтық ісін қарады.

Борышкерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарлама уақытылы тапсырылған, алайда берешек төленбеген.

Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/08/2016

ШҚО Бесқарағай аудандық сотымен «Қазақтелеком» АҚ-ның  Е.Алеевқа 5 527 теңге көлеміндегі қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.                         

Сот талқылау барысында, жауапкердің қарызды толық көлемде қайтаруына байланысты, тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынған.        

Медиативтік келісім шарттары заңға қайшы келмейтіндіктен, басқа тұлғалардың құқықтарын бұзбайтындықтан сот медиативтік келісімді бекітті.      

Өскемен қалалық сотының судьялары семинарға қатысты

19/08/2016

 «Юрлик» АҚ-да «Медиативтік құзыреттілік пен жаңа еңбек заңнамасы негізінде еңбек дауларын төмендету бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» тақырыбыңда Өскемен қалалық сотының судьялары А. Володкинаның, К. Дегенбаевтың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.