Архив событий

09/08/2016

«Ашық есік күні»

09/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қала тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталмыш шараның мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және «Медиация туралы» заңды насихаттау болып табылады.

Кәсіби медиатор Т.Каримов қала тұрғындарына медиация институтының қолдану аясы, медиация рәсімдерінің мақсаты мен қағидалары туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, кәсіби медиатормен медиациялық рәсімдердің басты артықшылықтары айтылды.

Сот тәжірибесінде медиация іске асуда

09/08/2016

Риддер қалалық сотымен О.Хонинаның жеке шағымы бойынша Қылмыстық кодексінің 108 бабымен, 131 бабының, 1 бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, қорлау, яғни басқа тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту) жеке айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында кәсіби медиатордың көмегімен сотталушыдан және жеке айыптаушыдан медиация тәртібімен татуласуына байланысты, сотталушы О.Антипинаны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш түсті.

Семей қаласы № 2 сотында «дөңгелек үстел» өтті

09/08/2016

Семей қаласы №2 сотында сот актілерінің уақытылы орындалмау  мәселелеріне байланысты кезекті «дөңгелек үстел» өтті

«Дөңгелек үстел» жұмысына Семей қаласы № 2 сотының судьялары, Семей қаласы бойынша сот актілерін орындау Департаментінің аға сот орындаушы А.Нұржақыпова қатысты.

Дөңгелек үстелді Семей қаласы №2 сотының төрағаның м.а. Е.Берекбулов ашып, сот актілерін орындаған кезде кездесетін өзекті мәселелерді талқылады.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

09/08/2016

Бородулиха аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Д.Даировқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан, азамат Д.Даиров өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйде өзімен бірге тұратын жұбайы ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқан.

Балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

09/08/2016

ШҚО  Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 383 бабының, 3- бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондайақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат Ф.Буевичке  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Некені медиативті келісім бекіту арқылы сақтап қалды

09/08/2016

Семей қалалық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация бойынша реттеу туралы келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде  реттеу туралы келісімді сотқа ұсынды. Медиатордың қатысуымен реттелген істің шарты бойынша  К.Төлегенова некені бұзу туралы арыздан бас тартып, жауапкермен отбасын сақтап қалуы тиіс болды.

Глубокое аудандық сотында «Сотта іс қағаздар жүргізу ережелері» тақырыбында семинар өткізілді

09/08/2016

Глубокое аудандық сотында мамандар арасында «Сотта іс қағаздар жүргізу ережелері» тақырыбында семинар өткізілді.

Бас маман Г.Қалиева сот кеңсесі қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері соттар Әкімшісімен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес белгіленетіндігін атап өтті.

Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде денсаулығыққа ауыр зиян келтiрген

09/08/2016

Өскемен қаласының №2 соты ҚК-нің 112 бабының, 1 бөлігімен (Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру) айыпталған М.Нужинаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта істі қарау барысында, М.Нужинаның жәбірленушіге соққы келтіріп, денсаулығына ауыр зиян келтіргендігі анықталды.

Сот үкімімен М.Нужина қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Алайда, жәбірленушімен татуласуына байланысты, қылмыстық іс өндірісі қысқартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Катонқарағай аудандық сотында «Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында Қылмыстық-процестік кодекс талаптарын сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

09/08/2016

Катонқарағай аудандық сотында «Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында Қылмыстық-процестік кодекс талаптарын сақтауы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына  Катонқарағай ауданының прокуроры Т.Даулетқанов, ІІБ-нің қызметкері Е.Манажанов, сот қызметкерлері Э.Жансұлтанова, Ш.Темиржанова, Ж. Токобаева,Т. Сивицкая қатысты. 

Алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылды

09/08/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 608 бабының, 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару)  үшін жауапқа тартылған В.Ляпуновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, В.Ляпунов алкогольдік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізгені анықталды.

Күршім ауданының № 2 сотында «Медиацияның дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

09/08/2016

Медиацияны дамыту бойынша жүргізіліп отырған жұмыстардың аясында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданған күніне орай Күршім ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен «Медиацияның дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге кәсіби емес медиаторлар, білім беру саласының және жергілікті мемлекеттің органдардың өкілдері, ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары, аудандық газеттің тілшілері қатысты.

«Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

09/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, кеңсе меңгерушісі, ШҚО кәсіпкерлер палатасы заңгері А.Медіғатова, адвокаттар: К.Калиакпаров, А.Жигитова, нотариустар: Г.Чакпантаева, И.Тыль, «Өскемен қаласы жылу желілері» АҚ заңгері А.Попов, «Өскемен –Водоканал» МКК-ның заңгері Т.Ложникова қатысты. Сот төраға А.Рамазанов алғы сөзімен дөңгелек үстелді ашты.

Аягөз аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

09/08/2016

Аягөз аудандық сотында «Медиация күні» республикалық акциясын өткізу мақсатында отставкадағы судьялардың, кәсіби медиатордың, ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың, еңбек қарым-қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті мемелекеттік органдардың, адвокаттардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Медиация күніне орай «Ашық есік күні» өтті

09/08/2016

Медиация күніне орай, келісім-процедураларының тиімділігін түсіндіру  мақсатында «Семей қаласының халықтар достығы үйі – қоғамдық келісім орталығы» ҚММ-де "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.

Шараға Семей қаласы № 2  сотының төрағасының м.а. Берекбулов Е., Семей қаласы № 2 сотының  судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар,  адвокаттар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.