Архив событий

17/08/2016

Семей қалалық сотымен кредиторлық қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

17/08/2016

Семей қалалық сотымен кредиторлық қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

 «Хоум Кредит энд Финанс Банк» АҚ-ы  Е.Садуакасовқа қатысты кредит бойынша 157 096 тенге қарызды өндіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Азаматтық іс оңайтылған іс жүргізу бойынша қаралған.

АК-нің 722-бабының, 1-бөлігі, 1-тармағы бойынша, қарыз алушы келісімшарт тәртібі мен мерзіміне сәйкес қарызды қайтаруға міндетті.  

Азаматтық іс Халқаралық Пактіні қолдану арқылы қаралды

17/08/2016

Жарма аудандық сотында А.Еңсебаеваның Д.Еңсебаевқа некені бұзу туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, талапкер мен жауапкер арасындағы заңды некелері 2007 жылғы 6 қарашада тіркелген. Тараптардың заңды некеден кәмелет жасқа толмаған ортақ балалары бар. Жауапкермен 2015 жылғы маусым айынан бері бірге тұрмайды. Тараптардың арасында ортақ мүлікті бөлу және баланың тұрғылықты жерін анықтау жөнінде дау жоқ.

Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін қамаққа алынды

17/08/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша   А.Семеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.    

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/08/2016

Бесқарағай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша Е.Мамаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.                  

Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/08/2016

Семей қаласының № 2 сотымен  жеке айыптаушы Н.Стребникованың жеке шағымы бойынша жеке айыптау тәртібімен ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленуші өзінің жеке шағымында айыпталушы А.Шестаков, оған балағат сөздер айтып, бетіне қанталаулары бар қасақана дене жарақаттарын келтіргенін баяндаған. Осыған байланысты құқықбұзушыны ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сотқа жеке шағым түсірген.

Талап қанағаттандырылусыз қалдырылды

17/08/2016

Риддер қалалық сотымен Н.Тоқтарбаеваның Б.Абалақоваға немерелерін асырауға алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, жауапкердің ұлы кәмелеттік жасқа толмаған балаларына аалимент төлеуден жалтаруда, бүгінгі күні алимент бойынша оның берешегі 320 188 теңгені құрайды. Құқық қорғау органдарынан оны жауапкершілікке тартудан бас тарту туралы қаулы бар.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

17/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабы  (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Н.Садубаевқа қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Алкогольдік ішімдік ішкені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

17/08/2016

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының, 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  Б.Чаямбаевқа қатысты әкімшілік ісі  қаралды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

17/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша азамат М.Абдрахмановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

ШҚО Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

17/08/2016

Тарбағатай  ауданының  №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбына арналған  семинар  сабағы  өткізілді.

Семинар сабағына  кеңсе  меңгерушісі  Б.Тоқтасынова, сот мамандары  қатысты.

"Медиация заңының қолданылуы" тақырыбыңда дөңгелек үстел өтті

17/08/2016

Көкпекті ауданының Әділет басқармасының ғимаратында судья Н.Жаныбекова, кәсіби емес медиатор А.Оразаев, әділет басқармасының басшысы К.Ильясов, қызметкерлер Е.Рахатов, Е.Табиғатов, Г.Жакишевтың қатысуымен «Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шарада белгілі бағытта медиация жөніндегі сұрақтар және «Кәсіби емес медиаторларға арналған медиация негізінде жұмыс істейтін» оқу бағдарламасы талқыланды.

Ортақ қоғамдық орынды ластау

17/08/2016

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Д.Садықовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Д.Садықов қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын белгіленбеген жерге тастаған. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Қатар ауыстыру кезінде жүру бағытын өзгертпей, қатарлас келе жатқан автокөлікке жол бермеген

17/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша Д. Доржановаға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Қоғамдық орынды ластау

17/08/2016

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) бойынша Б.Сағынбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы қоғамдық орында темекі шегім, темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастаған. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Семей қалалық соты қарызға алу келісімшарты бойынша берешекті өндірді

17/08/2016

Семей қалалық сотымен қарызға алу келісімшарты бойынша берешекті өндіруге қатысты азаматтық іс қаралды.

Р.Құдышева А.Молдашевқа қатысты араларында нотариалды түрде расталған қарыз алу келісімшарты бекітілгендігін, оның шарты бойынша ол жауапкерге қайтарылуы тиіс 2 142 000 теңге қарыз ақша бергендігі туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

АК-тің 722-бабына сәйкес, қарыз алушы қарыз берушіге келісімшартта көрсетілген тәртіп пен тиісті мезгілде қайтаруға міндетті.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен реттелді

17/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында   ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат Д.Ариновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынып, жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

17/08/2016

Катон-қарағай ауданының № 2 сотында ӘҚБтК-нің 610-бабының, 2-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы - жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет) бойынша  Н.Свановаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылды

17/08/2016

Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару)  үшін жауапқа тартылған Ю.Белоусоваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Ю.Белоусова алкогольдік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізгені анықталды.

Материалдық залалды өндіру туралы дау медиация тәртібінде шешілді

17/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен жол көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі сотта қарау барысында, тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді ұсынды. Келісімнің шарттары бойынша жауапкер 200 000 теңгені келесідей: 100 000 теңгені 2016 жылдың 10 қыркүйегіне дейін, қалған 100 000 теңгені 2016 жылдың 10 қазанға дейін қайтаруға міндеттелді.

Ұлан ауданында «Ашық есік күні» өтті

17/08/2016

Ұлан аудандық сотының төрағасы  М.Халмұрзаев және Ұлан аудандық әкімінің орынбасары Р.Мамырбаевамен бірлесіп, «Медиация күні» республикалық науқаны аясында  Ұлан аудандық әкімдігінің жанындағы медиация кабинетінде «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараға жергілікті мекемелердің өкілдері, кәсіби және кәсіпқой емес медиаторлар, жергілікті БАҚ өкілдері  қатысты. 

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

17/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73- бабының, 1-бөлігімен  (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған  А.Шегебаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, А.Шегебаев  тұрғылықты мекені бойынша жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, тараптар татуласып, сотқа дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді ұсынды.

Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіргені үшін жауаптылыққа тартылды

17/08/2016

Зырян аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына жеңіл зиян келтiруге, әкеп соққан бұзушылығы) бойынша азамат А.Асташенкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азамат А.Асташенко жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын сақтамай автокөлігімен аударылып, жол-көлік оқиғасын туғызған, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгені анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

17/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434- бабының, 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындары, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілебеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекет)  азаматша Е.Какаулинаға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

17/08/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, былапыт сөйлеу) бойынша  құқық бұзушылық жасағаны үшін Д.Айтқазинға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, құқық бұзушы Глубкое кентінің түңгі клубында бұрынғы танысының үстіне спирттік сусынды төккені анықталды. Д.Айтқазин өз әрекеттерімен құқық бұзушылық жасаған.  

Риддердегі «Абай оқулары»

17/08/2016

Риддер қалалық соты қалалық қоғамдық келісім Кеңесімен Ұлы Абайдың туған күніне орай ұйымдастырылған «Абай оқулары» шарасына қатысты. Соттан шараға жетекші маман К.Сатпаев, әділ қазылар алқасы құрамына кірген - мемлекеттік тіл маманы-іс жүргізуші Э.Майжарова қатысты.

Шараның мақсаты - Абай өмірі, поэзиясы және қара сөздері арқылы ұлты қазақ емес қала тұрғындарына мемлекеттік тілді дәріптеу, ұлтаралық келісімді нығайту болды.

Қолхат бойынша берешекті өндіру туралы дау медиация тәртібінде реттелді

17/08/2016

Семей қалалық сотымен қолхат бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«ПрофМсервис» ЖШС-і В.Лопоносовқа қатысты 417 703 теңгеге өз қолымен жазылған қолхат бойынша белгіленген мерзімде қайтару шартымен, тауар алғандығын баяндап сотқа жүгінген.

Татуласуына байыланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

17/08/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің  73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша Р.Карастелевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Отбасы-тұрмыстық жанжал медиация тәртібінде реттелді

17/08/2016

Жарма ауданының № 2 сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша Г.Жұмағалиеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын енесіне  қарсы ұрыс шығарып, оның атына балағат сөздер айқан.

Сотта тараптар өзара татуласып, медиациялық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

17/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша айыпталған Г.Чайкинға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында дыбыс-бейнежазба құралдарын қолдану бойынша семинарлық сабағы өтті

17/08/2016

Катонқарағай ауданының № 2 сотында  кеңсе қызметкерлері  арасында «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін  дыбыс-бейнежазба құралдарының техникалық қолдануын, дыбыс-бейнежазбаны сақтау және жою, дыбыс-бейне жазбаға қол жеткізу» Ережесі  бойынша семинарлық  сабағы өткізілді.

Семинарлық сабақты бас маман Л.Чаймарданова ашып, сот процестерінің дыбыс-бейнеге жазылу сапасы және сот процестерін уақытылы бастау өте маңызды екенідігін, сот отырысының барысы түсірілген дискілерді уақытылы жазып, іске тіркеу қажеттігі жөнінде айтты.