Архив событий

01/08/2016

«Медиация туралы» Заңның талаптарын түсіндіру мақсатында дөнгелек үстел өткізілді

01/08/2016

«Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік  кірістер басқармасы» ММ-нің   ғимаратында Көкпекті  аудандық сотының судьясы Н.Жәнібекова «Медиация туралы» Заңының талаптарын түсіндіру»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш іс-шараға Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік  кірістер басқармасы басшысының орынбасары Р.Қабдолданов және жетекші  мамандары, БАҚ өкілдері  қатысты.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

01/08/2016

«Проф Крепеж KZ»  ЖШС-сі «Казэлектромонтаж-С» АҚ-на қарызды және үстем ақыны өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өзінің талаптарында тараптармен өзара бекітілген шарт барын және жауапкермен шарт талаптары орындалмағанын негізге алған.

Талап арыз келіп түскеннен кейін тараптар дауды медиация тәртібімен қарауға және оны сотпен бекітуді ұсынған.

Медиация кабинетінде дөңгелек үстел өткізілді

01/08/2016

Таврия ауылдық округінің әкімдік ғимаратында орналасқан Медиация кабинетінде Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы А.Аринова, кәсіпқой емес медиатор Ш.Утепов және Ұлан ауданының прокуротуры, әкімшілік мамандардың  қатысуымен  «Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында Медиацияны қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

01/08/2016

«Новатор-5» ЖШС-сі «ШҚО тұрғын үй пайдалану басқармасы» ЖШС-не мердігерлік келісім-шарты бойынша  орындалған жұмыс үшін төлемді өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өзінің талаптарында тараптармен өзара бекітілген шарт барын және жауапкермен шарт талаптары орындалмағанын негізге алған.

Талап арыз келіп түскеннен кейін тараптар дауды медиация тәртібімен қарауға және оны сотпен бекітуді ұсынған.

Балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 383 бабының, 4- бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйм салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзуды бір жыл ішінде қайталап жасау)  азамат Т.Абеновқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиация кабинетінде дөңгелек үстел өткізілді

01/08/2016

Күршім аудандық соты Медиация кабинетінде «Медиация - дауларды реттеудің балама тәсілі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел шарасына Күршім ауданының кәсіби емес медиаторлары, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы - Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының өкілі, Күршім ауданы әкімдігінің "Күршім" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы қатысты.

«Ашық есік күні»

01/08/2016

Катонқарағай аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті, оның басты мақсаты азаматтармен сұрақ-жауап үлгісінде тілдесу.

Жүгінген азаматтардың сұрақтарының басым бөлігі  «Сот кабинеті» арқылы өтініш беру тәртібі, жаңа технологиялардың енгізілуі, атталған сервис арқылы талап арыздарды жолдау қағидасы аясында  болды.

Іс шара барысында азаматтардың қызықтырған тағы бір мәселе қылмыстық, азаматтық және әкімшілдік іс жүргізуде медиация тәртібін қолдану сұрақтары қойылды.

ШҚО Аягөз аудандық сотында ортақ дүние-мүлікті бөлу туралы дау бейбіт жолмен реттелді

01/08/2016

Аягоз аудандық сотында талапкер А.Рахымжанованың жауапкер Т. Абидолинге ортақ дүние мүлікті бөлу туралы талап арызы  және талапкер Т.Абидолинның жауапкер А.Рахымжановаға «Kaspi bank», «АТФ Банк» банктік қарыз келісім шарты бойынша ортақ дүние-мүлікті бөлісуге байланысты қарсы талап арызы қаралды.

Аягөз аудандық сотының қаулысымен қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

01/08/2016

Аягөз аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша К.Тулугеновке қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, К.Тулугенов жәбірленуші ұрып-соғып, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл түрдегі зиян келтірген.

Сот отырысында тараптар медиация туралы келісімге келді, келісімге сәйкес жәбірленуші сотталушыға қатысты қылмыстық істі татуласуларына байланысты қысқартуды сұрады.

Қоғамдық орынды ластаған

01/08/2016

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының, 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін С.Бекбосыновке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С. Бекбосынов қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын белгіленбеген жерге тастаған. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген. Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

01/08/2016

Аягөз аудандық  сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару) бойынша азамат Е.Угушевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, Е.Угушев алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару кезінде полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, ұсталған және медициналық куәландырудан өткізілген.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес Е.Угушев сол уақытта орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

01/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Е.Прядченкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында Е.Прядченко бірге тұратын жұбайына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.