Архив событий

23/08/2016

Семей қалалық сотымен кредиторлық қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

23/08/2016

Семей қалалық сотымен кредиторлық қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа жүгінген «Хоум Кредит Банк» АҚ С.Қазымбетовқа қатысты талап-арыз түсіріп, араларында банк қарызы туралы келісімшарт жасалғандығын, соған сәйкес жауапкерге 24 айға қолдану мерзімімен 260 446  теңге берілгендігін баяндаған.

АК-нің 722-бабы, 1-бөлігі, 1-тармағы бойынша қарыз алушы келісімшарт тәртібі мен мерзіміне сәйкес, қарызды қайтаруға міндетті.  

Ерлі-зайыптылар дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы некені сақтады

23/08/2016

Бесқарағай аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.   

Сот  отырысында анықталғандай, талапкер жауапкермен заңды некеде тұрады және бұл некеден ортақ кәмелетке толмаған бір балалары бар. Өзара түсінушіліктің жоқтығы және жанұяда үнемі ұрыс пен жанжалдың орын алуы – талапкердің сотқа жүгінуіне себеп болған.  

Сот талқылауы барысында, ерлі-зайыптылар медиация келісімін жасап, бір-бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуыға  ниет білдірді.         

ШҚО Бесқарағай аудандық сотында семинар өтті

23/08/2016

Бесқарағай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдың-алуды әр азамат өзінен бастауы қажет» тақырыбында семинар өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды болдырмау – аталмыш семинардың басты мақсаты болды.               

Семинарға соттың кеңсе мамандары және «Күзет» мамандандырылған полиция қызметкерлері қатысты. 

Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/08/2016

Бесқарағай аудандық сотымен «Казақтелеком» АҚ-ның Е.Свиридоваға қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.                                                        

Сот талқылау барысында жауапкер қарызды толық көлемде қайтаруына байланысты, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді сотқа ұсынды.                                                                                         

Бесқарағай аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастағы жанжал бейбіт жолмен шешілді

23/08/2016

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша  Е.Капельщиковқа қатысты әкімшілік ісі қарады.                       

Сотта анықталғандай,  құқық бұзушы өз үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқан.   

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.  

Сот қаулысымен іс қысқартылып, құқық бұзушы жауапкершіліктен босатылды.

Медиация қолдану арқылы азаматтық іс аяқталды

23/08/2016

Медиация тараптар арасында дауды балама түрде реттеудің ерекше нысаны болып табылады.

Бүгінде соттарда медиация тәртібі бойынша істерді қараудың саны артуда. Оған дәлел ретінде Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келуіне байланысты өндіріспен қысқартылған,  Н. Тақырованың   А. Жұмақановқа, М. Жұмақановқа қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Сот шешімімен маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жолданды

23/08/2016

Бесқарағай аудандық аудандық сотында «Бесқарағай  ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нің А.Шамамбаевты  маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымға жолдау туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.                                                 

Сотта анықталғандай, А.Шамамбаев  спирттік ішімдікті жиі қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзады және нарколог есебінде тұрады. Алдын алу үшін жүргізілетін әңгімелерге мән бермейді.    

Әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайта жасады

23/08/2016

ШҚО Бородулиха аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабы, 2-бөлігі (әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңға қайшы іс-әрекет) бойынша С.Протопоповқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы өз үйінде масаң күйде анасымен жанжал шығарып, оған қатысты балағат сөздер айтқан. Бұдан бұрын, 2016 жылдың ақпан айында, ол ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Азаматтық істер оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды

23/08/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында 8 азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сотқа С.Илдербаева  М.Исаевадан 125 986 теңге қарыз ақша өндіру туралы арызымен жүгінген.

Тараптарға соттың оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарауын және тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін түсіндірілген соң, тараптар медиаторға жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Есірткі затын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау

23/08/2016

ШҚО Бородулиха аудандық соты  ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігі (наша затын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша А.Ануфриевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысы барысында анықталғандай, сотталушы өз үйінің ауласында пайдалану үшін жабайы қара сораның жапырағын заңсыз жинаған. Ол оны кептіріп, ұсақтап, «гашиш» наша затын алған. Бұл туралы құпия көздерден ақпарат алған Бородулиха АІІБ жедел уәкілі тінту жүргізген, наша заты табылып, тәркіленген.

«Отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық істері бойынша медиацияны қолдану» тақырыбымен семинарлық сабақ өткізілді

23/08/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық істері бойынша медиацияны қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға судья Г.Кудербаева, Катонқарағай кенттік полиция қызметкерлері мен сот қызметкерлері қатысты.