Архив событий

18/08/2016

Семей қалалық сотымен кредиторлық қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

18/08/2016

Семей қалалық сотымен кредиторлық қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«Казкоммерцбанк» АҚ-ы О.Масалимовқа талап-арызбен сотқа жүгінген, өзінің талаптарын келесідей баяндаған, тараптар арасында банк қарызы туралы келісімшарт жасалған және жауапкерге 60 айға қолдану мерзімімен жылдық ставкасы 18%-бен 1 110 000  теңге қарыз берілген.

АК-нің 722-бабының 1-бөлігі 1-тармағы бойынша, қарыз алушы келісімшарт тәртібі мен мерзіміне сәйкес қарызды қайтаруға міндетті.  

Сот шешімімен мәжбүрлі емделуге жіберілді

18/08/2016

Зырян аудандық сотында «Зырян ауданының психиатрлық диспансері» МКҚК-нің азамат Л.Кузнецовты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен, азамат Л.Кузнецов Зырян ауданының психиатрлық диспансерінде 2007 жылдан бастап «екінші дәрежедегі созылмалы маскүнемдік» диагнозымен есепте тұратындығы, үнемі алкогольдік ішімдік ішіп, жанұясының мазасын алатындығы, сол үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және өздігінен ерікті түрде емделуден жалтаратындығы анықталды.

Мамандандырылған медиаторлардың тиімділігі

18/08/2016

 ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен біртіндеп жүйелі түрде бітімгершілік келісім институты дамып келеді.

Сотта қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Істі сот талқылауы барысында тараптардан дауды кәсіби емес медиатор О.Тұрыспаевтың қатысуымен медиация тәртібімен реттеуге қатысты келісімді бекіту туралы арыздары келіп түскен, жасалған келісімшарт бойынша талапкер іс өндірісін қысқартуды сұраған, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпеген.

Қылмыстық іс кінәні мойындау туралы процестік келісім жасаумен аяқталды

18/08/2016

Жарма аудандық сотында ҚК-нің 106-бабы, 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша К.Матайбаевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот талқылауында сотталушы жәбірленушіні ұрып-соғып, оған ауыр дәрежеде дене жарақатын түсіргенін өз жауабында растап, толық көлемді айыпты мойындап, мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат түсірді және оны жәбірленуші қолдады.

Катон-Карағай аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы өтініштерді, талап-арыздарды тіркеу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

18/08/2016

Катонқарай аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы өтініштерді, талап арыздарды тіркеу тәртібі» тақырыбында,  кеңсе меңгерушісі Э.Жансұлтанованың,  сот қызметкерлері Ш.Темиржанова- ның, Ж.Токобаеваның, Н.Тоқтарбаеваның, Т.Сивицкаяның және Жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері Д. Құмарбековтың қатысуларымен семинар өткізілді.

Глубокое аудандық сотында семинар өткізілді

18/08/2016

Глубокое аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында сот отырыстарын ұйымдастыру, оның ішінде сот отырыстарын уақытылы бастау мәселесі бойынша семинар сабағы өткізілді.

Оқу бағдарламасының үйлестірушісінің көмекшісі судья А.Касенова, сот мәжілістерін уақытылы бастау алдымен, процеске қатысушыларға қаралу уақыты мен орнын тиісті түрде хабарлау және судьяның тағайындалған іс бойынша жұмысын дұрыс ұйымдастыруынан екендігін баяндады.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластаған

18/08/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) бойынша Е.Готфрид қатысты әкімшілік іс қаралды.   

Глубокое аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

18/08/2016

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында Глубокое аудандық сотында кезекті іс-шара «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасының м.а. Б.Әміровтың жеке қабылдауына  еңбек дауларына байланысты сұрақтарымен аудан тұрғындары келді.

Б.Әміров тұрғындарды тыңдап, барлық сұрақтарына заңнаманы түсіндірумен толық жауаптар қайтарды.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі

Ортақ қолданудағы қоғамдық орынды ластау

18/08/2016

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің  434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) бойынша В.Ухановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы қоғамдық орында темекі тартып, темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастаған. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

18/08/2016

Бесқарағай аудандық соты  ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару) бойынша Е.Гейдеге қатысты әкімшілік ісін қаралды.                                                  

Сот отырысы барысында анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйде, көлік құралын басқару кезінде, полиция қызметкерлерімен ұсталған және медициналық куәландырудан өткізілген.                     

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік қамаққа алынды

18/08/2016

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 653-бабы, 1-бөлігі (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) бойынша  Е.Құрымбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.       

Теледидарға сұхбат берді

18/08/2016

Риддер қалалық сотының төрағасының м.а. М.Тоқжанов қалалық «РиддерИнформ» арнасының тілшілеріне медиация тәртібімен аяқталған қылмыстық істер туралы сұхбат беріп, статистикалық деректерді келтірді.

Сонымен қатар, өз сөзінде М.Тоқжанов қоғамда қызығушылық туғызған бірқатар қылмыстық істер туралы айтып, жеке айыптау істеріне тоқталды.

Қарызды өндіріп алу туралы дау бітімгерлік жолмен шешілді

18/08/2016

Семей қалалық соты Е.Кригерттің Е.Золочевскаяға қарызды өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Сот талқылауы барысында, тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келген, оның шарттарына сәйкес, жауапкер 47 200 теңге көлеміндегі қарызды төлеуге міндеттеледі, ал талапкер өз талаптарынан бас тартады.

АПК-нің 179-бабына сәйкес, тараптар соттың кеңесу бөлмесіне кетуіне дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда дауды медиация тәртібінде реттеуге өтініш білдіруі құқылы.